Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » "Қазақфильмге" жаңа басшы тағайындалды

"Қазақфильмге" жаңа басшы тағайындалды


Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының президенті болып Арман Әсенов тағайындалды. Бұл туралы «Қазақфильм» АҚ баспасөз қызметі хабарлады. 

ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрқиса Дәуешов Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ ұжымымен кездесуде киностудия президентінің міндетін атқарушы болып тағайындалған Арман Әсеновты таныстырды. 

ҚР еңбегі сіңген қайраткері, актер, продюсер Арман Әсенов 1972 жылы 17 сәуірде Германияның Ваймар қаласында дүниеге келген. 1994 жылы Қазақ ауыл шаруашылық институтын (экономист), 1998 жылы Мәскеудегі С.Эйзенштейн атындағы режиссерлық курсын, 2000 жылы ҚР Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк қаржы институтын (қаржы менеджменті) тәмамдаған. 

Кино әлеміне 90-жылдардың басында келді. Осы уақыт ішінде актер және продюсер ретінде кино сүйер қауымға және шетелдің көрермендеріне жақсы таныс жиырмадан астам кинотуындыларға қатысты.Жастар сыйлығының лауреаты және көптеген мемлекеттік және мерейтойлық награданың иегері.
Естеріңізге сала кетсек, "Қазақфильм" киностудиясының бұрынғы президенті Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткер, ақын, сценарист, кинорежиссер Бақыт Қайырбеков киностудияны 2015 жылдан бастап басқарды.
12 тамыз 2019 ж. 953 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№82 (9349)

29 қазан 2025 ж.

№81 (9348)

25 қазан 2025 ж.

№80 (9347)

21 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930