«КӨКТЕМ – 2024»: ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙҒА ДАЙЫН
Шиелі ауданында ақпан айының сегізінші жұлдызында аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі мен Шиелі ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Көктем 2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуының I кезеңі сәтті өтті.
Шараға аудан әкімінің орынбасары Ерсұлтан Амантайұлы және аудандық төтенше жағдайлар бөлімі бастығының міндетін атқарушы азаматтық қорғау капитаны Бағлан Бөлешұлы мен әр саланың жауапты мамандары қатысып, ауданның азаматтық қорғау қызметтеріне саптық қарау жұмыстарын жүргізді. Оқу-жаттығудың мақсаты – 2024 жылғы су тасқыны кезеңі жағдайларындағы төтенше апаттардың алдын алып, жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдарының күштері мен құралдарының дайындығын тексеріп, жаттығудан өткізу. Шара барысында 14 қызметтен құралған аудандық азаматтық қорғау қызметінің құрамы, аудан азаматтарынан жасақталған еріктілер мен бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері және техникалар жұмылдырылды. Саптық қарау түсіндірме жұмысынан кейін, әрі қарай оқу-жаттығудың практикалық кезеңі Иіркөл ауылдық округінде орналасқан «Семізбай-U» ЖШС -нің Иіркөл филиалына жақын маңдағы Сырдария өзені жағасында жалғасын тапты. Қазіргі уақытта компанияда 250-ге жуық қызметкер жұмыс істейді. Бұл жер көктемгі мезгілде су тасқыны бойынша қауіпті аймақтар қатарында.
Айтып келмейтін апаттың алдын алу үшін Сырдария өзені жағасында су деңгейін бақылап, қажетті техникалар мен мамандар өз жұмыстарын пысықтады. Биылғы қыс ерекше қарлы болғаны белгілі. Ауыл аймақтармен қатар халықаралық трассаларды да қар басып, өзен деңгейі көтерілді. Оның аяғы көктемгі су тасқыны апатына алып келуі әбден мүмкін. Осы орайда «Семізбай-U» ЖШСнің Иіркөл филиалының азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметінің маманы Бейбіт Жақсылықұлы «көктемгі су тасу қаупінің алдын алу мақсатында тиісті шаралар атқарылып, арнайы карта әзірленді. Ең бастысы – бәрін сауатты ұйымдастырып, жіті бақылау жүргізуіміз керек» деді. Сонымен қатар сала мамандары Бидайкөл ауылындағы эвакуациялық жинақтау және Бестам ауылындағы эвакуациялық қабылдау пункттерінің дайындығын тексеріп, тиісті тапсырмалар берді.
Мейіржан ИБРАГИМОВ