Бокстан америкалық әлем чемпионы Ислам дінін қабылдады
Фото: Mike Stobe
WBA тұжырымы бойынша бірінші жартылай орта және жеңіл салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпионы Джервонта Дэвис Ислам дінін қабылдады.
Ол әуесқой бокстан кәсіпқой боксқа 2013 жылы ауысқан. Сол кезден бері шаршы алаңда ешкімнен ешқашан жеңіліп көрмеген. 2017 жылы алғаш рет 59 келі салмаққа дейінгілер арасында IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанған. 2019 жылы 61,5 келі салмақта WBA тұжырымы бойынша дүниежүзінің ең мықты спортшысы атағын жеңіп алған. Ал 2021 жылы 63,5 келіде әлем чемпионы болған.
Жалпы, ол кәсіпқой бокста 29 рет жекпе-жекке шығып, соның бәрінде жеңіске жеткен. 27 айқаста қарсыласын нокаутқа жіберген.
Соңғы жекпе-жегінде ол Райан Гарсияны (25-1, 20 КО) нокаутпен жеңген. Райан Гарсия да нокаутшы боксшы. Ол 24 жекпе-жекте қарсыласын 20 рет нокаутқа түсірген. Ал соңғы айқаста Джервонта Дэвиске ғана есе жіберді.
Джервонта Дэвис әуесқой бокста 220 рет рингке шығып, 205 жекпе-жекте жеңімпаз болған.