Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық боксшы америкалық нокаутшыны жекпе-жекке шақырды

Қазақстандық боксшы америкалық нокаутшыны жекпе-жекке шақырды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мұса Тұрсынғалиев «Канелоның» командаласын жекпе-жекке шақырды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы. 

WBA NABA белбеуінің иегері Мұса Тұрсынғалиев (11-0 8KO) америкалық нокаутшы, әлемге танымал Райан Гарсияны (18-0 15KO) жекпе-жекке шақырды. Ол өз сөзінде: «Мен ең мықты боксшылармен жұдырықтасқым келеді. Үлкен жекпе-жектер мен мықты қарсыластарға дайынмын. Райан Гарсия АҚШ-та ғана емес, әлемге танымал боксшы. Онымен қолғап түйістіріп, нағыз мықтыны анықтағым келеді. Бұл нағыз тартысқа толы, қызықты жекпе-жек болары анық», – деді Мұса. 

Естеріңізге сала кетейік, Мұса Тұрсынғалиев пен Иван Дычко The Heavyweight Factory деп аталатын америкалық промоутерлік компаниямен келісімшартқа отырған болатын. Ол соңғы жекпе-жегінде америкалық Винсент Дженнингсті (6-5-2, 4 КО) жеңген болатын.
17 сәуір 2019 ж. 1 074 0

Қоғам

АҚ ХАЛАТТАҒЫ МЕЙІРІМ
16 маусым 2026 ж. 57

PDF нұсқалар мұрағаты

№45 (9412).

16 маусым 2026 ж.

№44 (9411).

13 маусым 2026 ж.

№43 (9410)

09 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930