Головкинді жекпе-жекке шақырған әлем чемпионы қарсыласын нокаутқа түсіре алмады
Жекпе-жек Смит дүниеге келген және қазір тұрып жатқан Ливерпульде Echo аренасындағы бокс кешінің басты оқиғасы болды. Кездесу нокдаунсыз өтті, 12 раундтың қорытындысы бойынша, төрешілердің шешімі бірауыздан шықты – 117-111, 116-112, 116-112.
Айта кету керек, төртінші раундтан бастап Смиттің оң қабақ жағы жырылып жұдырықтасты.
29 жастағы Смиттің бұл 27-ші жеңісі (19 нокаут), ол әлі жеңіліп көрмеген, ал 31 жастағы Райдер бірінші рет әлем чемпионы титулы үшін жұдырықтасып, бесінші рет жеңіліске ұшырады, оның қоржынында 28 жеңіс (17 нокаут) бар.
Еске салсақ, Райдерге сәуір айында Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) жекпе-жек ұсынылған болатын, бірақ ол бас тартты, нәтижесінде қазақстандық боксшы 8 маусымда канадалық Стив Роллспен (19-1, 10 КО) кездесіп, DAZN стриминг сервисіндегі дебюттік жекпе-жекгінде нокаутпен жеңді.