Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Оның есімі әлі де үлкен мағына береді: WBA-ның әлем чемпионы Головкинді жекпе-жекке шақырды

Оның есімі әлі де үлкен мағына береді: WBA-ның әлем чемпионы Головкинді жекпе-жекке шақырды


WBA Super нұсқасы бойынша әлем чемпионы, дүниежүзілік бокс сериясының (WBSS) алғашқы маусымының жеңімпазы, ұлыбританиялық былғары қолғап шебері Каллум Смит танымал қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен кездесуге ниет білдірді, деп жазады Stan.kzақпараттық агенттігі Sports.kz-ке сілтеме жасап.

«Ол әлі де үлкен атқа ие, оның есімі әлі үлкен мағына береді. Мен бұл айқас қаржы жағынан да жақсы болатынына сенімдімін. Оның үстіне оны жеңу әлі де үлкен жеңіс болып қала бермек», – дейді дүниежүзілік бокс сериясының алғашқы жеңімпазы, әлем чемпионы Каллум Смит. Британдық чемпионның пікірінше, Головкин Альварестен жеңілгеніне қарамастан, көпшілігі оны жеңіліс таппады деп санайды.
«Қазір мен үшін ол әлі күнге дейін ең үлкен есім болып табылады. Менің ойымша оның есімі жеңіл салмақ немесе супер ауыр салмақтағы боксшылардікінен әлдеқайда үлкен мағына береді деп ойлаймын», – дейді Смит.
Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық танымал боксшы Геннадий Головкин Сауль Альварес «Канеломен» өткен жекпе-жекте судьялардың шешімі бойынша жеңіліс тапты. Сейсенбі күні GGG-ның өзінің туған қаласы – Қарағандыға келгені белгілі болды, онда ол спорт кешеніне барды. Айта кетейік, отандасымыз алғаш рет жеңіліс тапса да әлемдік чемпиондардың көпшілігі Головкинмен жекпе-жекке шығуды әлі де үлкен мәртебе санайды.
Stan.kz
03 қазан 2018 ж. 897 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (9193)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (9192)

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930