Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ига Свентек теннис ханшайымы атанды

Ига Свентек теннис ханшайымы атанды


Фото: championat.com

Халықаралық теннис федерациясының (WTA) шешімімен поляк спортшысы Ига Свентек 2023 жылдың үздік теннисшісі және Жер шарының теннис ханшайымы деп танылды.

Бұл жүлдеге екінші жыл қатарынан беларусь Арина Соболенко, америкалық Кори Гофф, Джессика Пегула, Қазақстан теннисшісі Елена Рыбакина мен чехиялық Маркета Вондроушова да үміткер болды.

Биыл Ига Свентек «Ролан Гаррос» және WTA финалдық турнирлері мен Бейжің, Доха, Штутгарт пен Варшавадағы «Үлкен дулыға» турнирлерінің жеңімпазы атанды.

Жақында ол әлемдегі ең табысы көп 10 спортшының қатарына кірді. Биыл ол 21,9 млн АҚШ долларын тауып (9,9 млн долллар – жарыстардағы сыйақы), рейтингте екінші орыннан көрінді.

Свентектің жасы – 22-де. Ол Рыбакинамен 5 мәрте ойнап, 2 рет жеңіп, 2 рет жеңілген. Бір матчта теннисшілер тең ойнаған.
14 желтоқсан 2023 ж. 180 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (9301)

12 мамыр 2025 ж.

№33 (9300)

06 мамыр 2025 ж.

№32 (9299)

30 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031