Елена Рыбакина әлемнің 10-шы ракеткасы атанды
Бүгін, 30 қаңтарда әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) өзінің жаңа рейтингін жариялады, онда Қазақстан теннисшісі Елена Рыбакина 25-ші орыннан 10-шы орынға көтерілді.
Елена Рыбакина бұл жетістікке 2023 жылғы Австралия ашық чемпионатының финалына жеткеннен кейін қол жеткізді. Өкінішке қарай чемпион атағы үшін шешуші матчта біздің спортшы қарқынды шайқаста Беларусь өкілі Арина Соболенкодан жеңіліп қалды. Өз кезегінде Соболенко аталған рейтингтің екінші жолағына тұрақтады.
«Қаңтар мен үшін сәтті ай болды, топ-ойыншылармен ойнадым, оларды жеңдім. Физикалық тұрғыдан өзімді жақсы сезінемін, ойынымның жақсарғанын да көрдім. Жалпы, бұл - Австралияға оң сапар болды. Әрі қарай да солай болады деп үміттенемін. Мен топ-10-ға жету жолында көп еңбектендім, бірақ сәті түспей қойған еді. Бірақ қазір үздік 10-дамын және мақсат бұл көрсеткіштен түсіп кетпеу. Алда әлі де көп жұмыс бар, мақсаттарым да бар, мен оларға қол жеткізгім келеді», деді Елена Рыбакина.
Қазір әлемнің 10-шы ракеткасы атанған Рыбакинаның активінде 2815 ұпай бар.