Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Australian Open: Елена Рыбакина жартылай финалға өтті

Australian Open: Елена Рыбакина жартылай финалға өтті

Қазақстанның бірінші, әлемнің 25-ракеткасы Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының жартылай финалына өтті.

Australian Open: Елена Рыбакина жартылай финалға өтті

Inform.kz-тің жазуынша, ол ширек финалда әлемнің 17-ракеткасы, Ролан Гаррос турнирінің 2017 жылғы чемпионы, латвиялық Елена Остапенкомен өзара мықтыны анықтады.
Қарсыластар осыған дейін екі рет кездесіп, екеуінде де латвиялық спортшы басым түскен еді.
Бұл жолы Е.Рыбакина Род Лейвер атындағы орталық аренада өткен матчты брейкпен бастады – 2:0. Тағы бір брейк – 4:1. Содан кейін сетке доп бергенде, мүмкіндігін жіберген жоқ – 6:2.
Екінші партияда есесіне Е.Остапенко брейкпен басым түсті – 2:0. Дегенмен қазақстандық теннисші сол бойда таразы басын теңестіріп қана қоймай, өзі алға шықты – 4:2. Содан кейін матчты жеңіспен түйіндеді – 6:4.
Осылайша, бұған дейін Уимблдон чемпионы атанған Елена Рыбакина спорттық жолында алғаш рет Аустралия ашық чемпионатының жартылай финалына жолдама алды.
Бір сағат 19 минутқа созылған бәсекеде Е.Рыбакина 11 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Қарсыласы 1 эйс, 1 брейкпен (8 брейк-пойнт) көзге түсті.
24 қаңтар 2023 ж. 590 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (9347)

21 қазан 2025 ж.

№79 (9346)

18 қазан 2025 ж.

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031