Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Елена Рыбакина US Open турнирін жеңіспен бастады

Елена Рыбакина US Open турнирін жеңіспен бастады


Фото: Қазақстанның теннис федерациясы

Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатын (US Open) жеңіспен бастады. Бұл туралы Қазақстанның теннис федерациясы хабарлады.

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 39-орында тұрған украиналық Марта Костюкке қарсылас болды.

Бірінші партияда Рыбакина 2:0 есебімен алға шықты. Бұдан кейін Костюк есепті қысқартты, алайда қазақстандық спортшы сетті тағы бір брейкпен түйіндеді – 6:2. Екінші сетте Елена қарқынын тіпті үдетті – 6:1.

Сағат жарымға жуық уақытқа созылған бәсеке барысында Рыбакина 2 эйспен бірге 12 брейк-пойнттың бесеуін мүлт жібермеді. Қарсыласы 4 эйс, 1 брейкпен (5 брейк-пойнт) көзге түсті.

Елена Рыбакина үшінші айналымға шығу үшін әлемнің 122-ракеткасы, венгриялық Панна Удварди немесе рейтингте 127-сатыдағы аустралиялық Айла Томляновичтің бірімен кездеседі.
29 тамыз 2023 ж. 410 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№38 (9405).

23 мамыр 2026 ж.

№37 (9404).

19 мамыр 2026 ж.

№36 (9403).

16 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031