Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АУДАН ӘКІМІНІҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН АППАРАТ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

АУДАН ӘКІМІНІҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН АППАРАТ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

Сейсенбі күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында аппарат мәжілісі өтті.

Жиында аудан әкімі Нұржан Ахатов алдымен кадрлық өзгерістерге тоқталып өтуді жөн санап, ішкі конкурс тәртібімен Шиелі аудан әкімдігінің аппарат басшысы лауазымына тағайындалған Кәрімов Ғалымжан Болатұлын және 2023 жылдың 10 желтоқсандағы аудандық сайлау комиссиясының хаттамалық шешіміне сәйкес, ауыл тұрғындарының көпшілік дауысымен Бестам ауылдық округі әкімі болып сайланған Қыпшақбаев Мұрат Тыныштықұлын таныстырып, қос азаматтың алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

Мұнан соң, жиында жыл соңына дейін пайдалануға берілетін әлеуметтік нысандар құрылысының уақытылы, сапалы аяқталуын қадағалау, ауа райының қолайсыздығына байланысты тұрғын-үй, коммуналдық саланың электр жарығы, көгілдір отынның (газ), ауыз су қызметтерінің үзіліссіз тұрақты берілуін қамтамасыз ету, аудан азаматтарының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру деңгейін жоғарлату, кәсіпкерлікпен айналысатын азаматтар санын арттыру және Ұлттық жоба шеңберінде құрылған әлеуметтік жұмыс орындарының санын көбейту сынды бірқатар мәселелер қаралды. Сондай-ақ, жауапты сала басшылары мен кент, ауылдық округ әкімдеріне тиісті тапсырмалар берілді.
13 желтоқсан 2023 ж. 164 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9234)

03 қыркүйек 2024 ж.

№69 (9233)

30 тамыз 2024 ж.

№68 (9232)

27 тамыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30