Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЕРЕКШЕ ЖАНДАРҒА – ЕРЕКШЕ МЕРЕКЕ

ЕРЕКШЕ ЖАНДАРҒА – ЕРЕКШЕ МЕРЕКЕ

3 желтоқсан – халықаралық мүгедектер күні. Осыған орай Арман мәдениет үйінде «Мейірімділік жүректен» атты мерекелік кеш өтті.
«Жанашырлыққа – жан риза» дегендей, адам өміріндегі игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Мейірімділікті қажет ететін жандарға көмек қолын созу арқылы адам баласы жақсылыққа қадам басады. Аталған іс-шара соның дәлелі.
Мерекелік жиын Шиелі ауданы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Айтулы шараға аудан әкімінің орынбасары Алмат Алдабергенов, «Amanat» партиясы Шиелі аудандық филиалының төрағасы Болат Сыздық қатысып, ерекше жандарға жүрек жарды лебізін білдірді.
– Елімізде ерекше жандарды әлеуметтік қорғау туралы қабылданған арнайы заң бар. Сол заң ­бойынша мемлекеттік мекемелер тағдыр талайына ұшыраған жандарға жәрдем көрсетеді. Еңбекке жарамды азаматтарды жұмыспен қамтуда мемлекет тарапынан жасалып отырған қамқорлықтар көп. Шиелі ауданында да ерекше жандардың мәселесі әрдайым бірінші орында тұрады, – деді А.Әбдуәзизұлы.
Биыл Шиелі ауданы бойынша 2348 ерекше жан тіркелген. Оның ішінде I топтағы – 206, ІІ топтағы – 712, III топтағы – 900, 7-18 жасқа дейінгі балалар саны – 343, оның ішінде I топ – 34, ІІ топ – 61, III топ – 248, 16 жасқа дейінгі ерекше балалар – 187-ні құрап отыр. Қазіргі таңда әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 1231 ерекше күтімді қажет ететін адамға гигиеналық құралдар жеткізіліп берілген.
Айта кетейік, жүріп-тұруы қиын 91 адам арбамен, 138 азамат тифлоқұралдармен, 24 адам сурдоқұралмен қамтамасыз етілді. ­Арнаулы әлеуметтік қызмет бойынша үйде қызмет көрсетілетін 134 жалғызбасты қартқа және 113 ерекше балаға арнаулы әлеуметтік қолдаулар көрсетілуде. Сондай-ақ облыс орталығындағы «Талсуат» оңалту орталығына 74 азаматқа арнайы жолдама берілді.
«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, ерекше жандарға қол ұшын беріп жатқан азаматтарды да айта кеткен жөн.
Атап айтсақ, аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен наурыз айында «Үміт» қоғамдық қорына «Гежуба Шиелі Цемент» ЖШС-ның қолдауымен кресло-арбамен жүретін адамдарды тасымалдауға арналған арнайы гидравликалық құрылғысы бар Инватакси көлігі табысталды.
Сондай-ақ «Өскен өңір» газетінің ескі ғимараты күрделі жөндеуден өткізіліп, 2022 жылдың қазан айында республика күніне орай ерекше жандарға арналған «Тең қоғам» орталығының тұсауы кесілген.
Аталған ғимаратқа кеңсе жиһаздарын, смарт теледидар, жаттығу құралдары мен басқа да қажетті құрал-жабдықтарды «Baikonyr Solar» ЖШС демеушілік көрсетті. Онда ерекше адамдар мен балалар шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін дамытып, спортпен шұғылданып, өнерлерін шыңдап, бос уақыттарын тиімді пайдалануда.
Мінекей, бұның барлығы аудан азаматтарының жанашырлығы. Осылайша салтанатты шараның соңы концерттік бағдарламаға ұласып, аудан өнерпаздарының өнерімен аяқталды.

Айнұр МАХСҰТҚЫЗЫ
05 желтоқсан 2023 ж. 144 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930