Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бірлік күніндегі берекелі іс

Бірлік күніндегі берекелі іс


«Адамның әуелден тоқымашы немесе хатшы болып тумайтыны сияқты, қайырымдылық пен жаман қылық та адамға әуел бастан жаратылысынан дарымайды» (әл-Фараби). Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы халық тұрмысы түзелсе, қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы ел алға қадам басады.
Қайырымдылық жасау үшін асқан дәулет емес, жүректегі мейірім мен адал ниеттің болуы жеткілікті. Қайырымды жандарды «алтын жүректі адамға» теңейтіні де содан болар. Мұқтаж жандарға қол ұшын беру – дін тілімен айтқанда үлкен сауап, пендешілік тілмен айтқанда жұртшылықты ризашылыққа бөлейтін өте жақсы іс.
Осы атаумен Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімінің мұрындық болуымен және этносаралық қатынастар жөніндегі сарапшы маман Самал Абызбаеваның ұйымдастыруымен өткен 1 мамыр – Қазақстан Республикасының Бірлігі күні мерекесіне орай, аудандағы әлеуметтік жағдайы төмен бес отбасына қайырымдылық шара көрсетілді. Аталмыш шарада аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінде тіркелген тұрмысы төмен отбасыларға көмек көрсетілді. Нақтырақ айтқанда, әлеуметтік жағдайы төмен (бес) отбасына барып бірлік мерекесімен (этнос өкілдері) құттықтады. Сондай-ақ, мемлекет қызметкерлері көп балалы және батыр аналарға, жалғыз басты жандарға азық-түлік толы себеттерін табыстап, қамкөңіл жандарға қуаныш сыйлады. Олар қызметкерлерге өз ризашылықтарын білдіріп, ақ батасын берді.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, мұндай қайырымдылық жұмыстар кеңінен етек алып, алдағы уақытта да өз жалғасын табады деген сенімдеміз.
– Мақсатымыз – қолдан келгенше көмекке зәру отбасыларды қолдау мен көмек көрсету. Барлық аудан жастарына айтарым – жақсылық жасаудан жарысайық, қолымыздан келетін көмекті жасаудан тартынбайық. Мұқтаж жандарға әрдайым көмек көрсетуден жалықпайық. Сауапты істен бас тартпайық, – дейді «Қоғамдық келісім ҚММ»-нің Шиелі ауданы бойынша этносаралық қатынастар жөніндегі сарапшысы Самал Абызбаева.

Сымбат Серікқызы
04 мамыр 2021 ж. 277 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930