Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қаржыгерлер марапат мінберінде

Қаржыгерлер марапат мінберінде

Сәрсенбіде ­аудан әкімдігінде қаржыгерлер бас қосты. Олардың кәсіби мерекесі мен ұлттық валюта күні қарсаңында сала қызметкерлерін қабылдаған аудан әкімі Нұржан Ахатов қаржыгерлердің қажырлы еңбегіне тоқталып,аймақтың дамуына қосқан үлестері үшін алғыс білдірді.
Қандай қоғамда болсын қаржы экономика саласының орны ерекше. Елдің қуаттылығы, экономикалық әлеуеттің жоғары болуы дамыған қаржы жүйесімен тығыз байланысты. Жүйелі экономика – қуатты мемлекет дейтініміз сондықтан.
1993 жылы 15 қарашада Қазақстан Республикасының өз валютасы, теңге айналымға енді. Бұл экономикасы құлдырап, өндірістер жабылудың аз-ақ алдында тұрған мемлекетіміздің егемендік алғаннан бергі алғашқы жасаған дамудың бастауы болды. Сол кезеңдерде еліміз көптеген сыннан сүрінбей өтті, өзінің шекарасын бекітті. Төл теңгеміз тәуелсіздіктің айшықты символдарының біріне айналды.
Шиелі ауданында экономикалық өсімді қамтамасыз етуде және әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған жұмыстар үздіксіз жүргізілуде. Даму көрсеткіштері де біршама артты. Ал ел экономикасының дамуына аянбай ерік-жігерін жұмсап, жауапкершілік жүгін арқалаған қаржы саласы қызметкерлерінің елеулі еңбегі әрдайым құрмет төрінде.
Аталған іс-шарада қаржы және экономика салаларында еңбек еткен азаматтар Құрмет грамотасымен және ­аудан әкімінің Алғыс хатымен, мерейтойлық медальдармен марапатталды. Салтанатты кештің соңы жергілікті өнерпаздардың әнімен және естелік суретпен қортытындыланды.

Айнұр ИБРАШЕВА,
Сурет Бақытжан БӘЙІМБЕТТІКІ
20 қараша 2023 ж. 268 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031