Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қажымас қаржыгерлер

Қажымас қаржыгерлер

Өз алдына егемен ел болған мемлекет қаржысының талан-таражға түспеуі үшін қаржы саласының қызметкерлеріне жүктелер жауапкершілік жүгінің жеңіл болмағаны белгілі. Сондықтан да ел экономикасының өсіп-өркендеуі жолында қаржыгерлердің қызметі, сіңірген еңбегі ерен. Олар тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы тоқырау кезінде, ел экономикасы нығайып, өркендеген тұста, жан-жақтан дағдарыс қысып, жұрт қалтасына жүк түскенде де мемлекет қаржысының тиімді жұмсалуын қадағалап, экономиканың өрге басуын қамтамасыз етіп келді.
Шиелі ауданының қазығы қағылған 1928 жылы өңірді кеңестік партия комитеті басқарып тұрды. Ең әуелі қаржы бөлімінің қауқарын арттыру мақсатында аудандық салық, қазынашылық, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімдеріне жан бітірді. Осылайша, қаржы саласының дербес төрт мекемесіне айналған бөлімдер аудан экономикасын тұрақтандыру, дамыту бағытындағы жұмыстарды бастады. Бүгінгі күні аудандық қаржы бөлімі – қаржы, мемлекеттік коммуналдық меншікті басқару, жекешелендіру саласындағы жұмыстарды атқарады. Сонымен қатар аудан бюджетінің атқарылуына талдау жасайды, есебін жүргізеді, қабылдайды, түсімдер мен шығыстар бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарларын жасайды, бекітеді, өзгерістер мен толықтырулар енгізеді, бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне, олардың бағынысындағы мемлекеттік мекемелердің төлқұжаттарында көзделген іс-шараларды жүргізумен байланысты міндеттемелерді қабылдауға рұқсаттар береді, өз құзыреті шегінде коммуналдық меншікке иелік жасайды, жекешелендіру бағдарламаларын іске асырады.
Өткен жылдарға көз тастайтын болсақ, 1990 жылы шілде айында аудандық қаржы бөлімінен аудан бойынша мемлекеттік салық инспекциясы бөлініп шықты. 2005 жылы аудандық қаржы бөлімінен жоспарлау бөлімі бөлініп шығып, аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі болып қайта құрылған. 1960 жылдардан ­бастап Шиелі аудандық қаржы бөлімінде басшы болып М.Қайыпов, Мінуар ­Зекеев, Константин Пак, Райымбек Нұртазаев, Еламан Дүйсенов, Тұңғышбай Жетпісбай, Ағыбай Төлегенов, Маратжан Жұмаділ асқақ абыроймен жұмыс істесе, бүгінгі күні бөлімді Қанат Рахманбердіұлы басқарады.
Қазіргі таңда қаржыгерлер алдында ақша қорларын сауатты жоспарлау және бөлу, оларды жұмсауды тиімді басқару сияқты елеулі міндеттер тұр. Тарихқа үңілсек, қаржыгерлердің қаржылық даму ісіне қомақты үлес қосқанын аңғару қиын емес. Өз дәуірінде зор құрметке бөленіп, ұрпақтың есінде қалған Н.Қалекеев, Ш.Сүгірәлиев, М.Сыздықов, А.Гельм, Т.Курьерова, Б.Шамшиев, Т.Ан, Қ.Молдашев, Д.Бабашев, Т.Тұматаев, Т.Шығанбаев, С.Ким, А.Ким, Н.Ким, Е.Паришкуро, Г.Накипова, З.Зекеевалардың есімдерін абыроймен атап өтпеу мүмкін емес. Сонымен қатар қаржы бөлімінің нығаюына ауданның ­абзал азаматтары А.Райсова, Ж.Ноғайбаев, Қ.Нұртазаев, М.Жүсіпов, З.Кішібай, М.Шоханов, Ә.Рахметов, С.Кұлпейіс, Б.Кеншінбаева, Н.Әбусадиров, Ә.Қобланов, М.Жолдасбеков, Д.Баймағанбетовтер де өз үлестерін қосты. Нарық – жоғары кәсіптілік, біліктілікті ғана емес сонымен қатар жауапкершілік сезімді, саналы орындаушы кадрларды қажет етеді. Дәл осы тұрғыдан көрініп жүрген аудандық қаржы бөлімінің беделін арттырып, әлеуетін нықтауға үлес қосып отырған бүгінгі күнгі қызметкерлері И.Қазиева, Ж.Жебегенов, С.Мамбетова, А.Жузумбетова, А.Дүйсебаева, М.Калкулова, А.Сеитбекова, Н.Тұрсынов, Н.Мырзабеков секілді білікті қаржыгерлердің есімі елеусіз қалмайды.

Гүлнәр ДҮЙСЕБАЙ
16 қараша 2022 ж. 239 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

№89 (9253)

09 қараша 2024 ж.

№88 (9252)

05 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930