Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімдерін сайлау: Ашық қоғам құруға айқын қадам

Аудан әкімдерін сайлау: Ашық қоғам құруға айқын қадам

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстан бойынша ішінара аудан әкімдерін сайлау жөніндегі бір ай бұрын басталған саяси науқан мәресіне жетіп, бүгін 5 қараша күні Шиелі ауданы әкімін сайлауға халық таңертеңнен дауыс беруге асығып бара жатты.
Бұл сайлау әр сайлаушыға аса зор жауапкершілік жүктейтіні аян. Өйткені сайлауға түсіп жатқан үш үміткердің ішінен келешек ауданымызды дамытатын көркейтіп, гүлдендіріп, оның бюджетін әлеуметтік экономикасын арттыратын азаматты, біз сайлау учаскелеріне барып, өзіміз таңдап, қалаған үміткерімізге дауыс беруге тиіспіз.

Мен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы ретінде өзгеге үлгі болсын деген ниетпен №286 теміржол сайлау учаскесіне таңертеңгі сағ 7.10-да барып, өз таңдауымды жасадым.

Ол келешегінен мол үміт күттіретін Шиелі ауданының төл перзенті, іскер басшы, қарапайым көркем мінезімен халық жүрегінен орын алған Ахатаов Нұржан Сәбитұлы болатын. Осы кісіні аудан әкіміне лайық деп санадым.

Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өркен  Исмайл
05 қараша 2023 ж. 326 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (9308)

03 маусым 2025 ж.

№40 (9307)

31 мамыр 2025 ж.

№39 (9306)

27 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30