Ел тілегі ескерусіз қалмайды
Аудан әкімінің ауыл-ауылды аралап, халықпен жүздесіп, мұң-мұқтажын түгендейтін есеп беру науқаны бірнеше жылдан бері дәстүрге айналып келеді. Биыл да дәстүрден айнымады. Тек жылдың басында емес, науқан күрең күз қарсаңына тура келді.
Барлық деңгейдегі әкімдер жыл бойы халықпен кездесіп тұруы қажет. Басшылар тұрғындарды толғандыратын әлеуметтік мәселелерді шешуге ден қоюы тиіс. Айтылған сөз жерде қалмай, нақты мерзімі белгіленеді. Осылай деген Президент Қ.Тоқаев тиісті Жарлыққа қол қойған. Соған сәйкес енді халық талап етсе, әкімдер азаматтармен күнтізбеден тыс бетпе-бет диалогқа дайын тұрады. Сондай-ақ аудан әкімдері әр ауыл мен кентте тоқсан сайын халыққа есеп беріп отырады.
Барлық деңгейдегі әкімдер жыл бойы халықпен кездесіп тұруы қажет. Басшылар тұрғындарды толғандыратын әлеуметтік мәселелерді шешуге ден қоюы тиіс. Айтылған сөз жерде қалмай, нақты мерзімі белгіленеді. Осылай деген Президент Қ.Тоқаев тиісті Жарлыққа қол қойған. Соған сәйкес енді халық талап етсе, әкімдер азаматтармен күнтізбеден тыс бетпе-бет диалогқа дайын тұрады. Сондай-ақ аудан әкімдері әр ауыл мен кентте тоқсан сайын халыққа есеп беріп отырады.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сай аудан әкімі Нұржан Ахатов Жуантөбе, Еңбекші, Жиделіарық, Телікөл, Бестам, Алмалы, Ақтоған жұртышылығымен жүздесті. Ең әуелі Жуантөбеде жиылған халық жол мәселесін сөз етті. Шиеліде атқарылып жатқан жұмыс барысымен таныстырған аудан әкімі Н.Ахатов аудындық маңыздағы «Ботабай-Жуантөбе» автомобиль жолын күрделі жөндеуге 1,9 млрд теңге бюджеттік өтінім ұсынылғанын айтты. Сонымен қатар ауыл ішінде салынып жатқан жаяу жүргіншілер жолының сапасына ел болып бірге көңіл бөлуді сұрады. Оған қоса биыл Жөлек және Жуантөбе елді мекеніне ауыз су тарту үшін су тұщытқыш орнатуға 17 млн 228 мың теңге облыстық бюджеттен қаралғанын да айтып өтті.
Келесі бағыт Еңбекші ауылдық округі. Аудан әкімімен тілдесуді тағатсыздана күткен еңбекшіліктер ең әуелі көгілдір отынның жайын сұрады. Өткен жылы да көгілдір отыннан үміт күткен халық, биыл газға қосылуды қалап отырғанын айтады. Аудан басшысы ауылдағы ағайынның тілегін тыңдап, 6 бірдей елді мекенге газ жүйесі жүргізіліп жатқандығын, дегенмен қамсыздықтың қапыда қалдыратындығын айтып, қысқы отынды сайлауды ескертті.
Биыл көгілдір отынға қосылатын елді мекеннің қатарында Жиделіарық та бар. Алайда жиделіліктердің тілегі ауылдағы амбулаторияны үлкейту. Тұрғындар 2010 жылдары салынған ауылдағы дәрігерлік амбулаторияның көлемінің шағын екендігін айтып, қосымша ғимарат салу мәселесін көтерді. Аталған мәселеге қатысты аудан әкімі шынында ғимараттың тым шағын екендігін, дегенмен жаңа болуына байланысты ғимаратты қайта салуға қатысты бірқатар мәселелер туындап жатқандығын айтты.
Телікөлдіктермен той үстінде жүздесті
Одан әрі аудан әкімі Н.Ахатов Телікөлге табан тіреді. Бір ерекшелігі халықпен кездесу ауыл мектебінің 90 жылдық мерейтойымен қатар келді. Алдымен, аудан басшысы тұрғындармен тілдесіп, артынша мерейтойлық кештің ашылу салтанатына қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
Одан әрі аудан әкімі Н.Ахатов Телікөлге табан тіреді. Бір ерекшелігі халықпен кездесу ауыл мектебінің 90 жылдық мерейтойымен қатар келді. Алдымен, аудан басшысы тұрғындармен тілдесіп, артынша мерейтойлық кештің ашылу салтанатына қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
– 90 жылдық тарихы бар білім ордасы, осы уақыттың ішінде талай кезеңдерді бастан кешірді. талай түлектерді баулып өсірді. 90 жылдың жүгі ауыр, сыры да толағай. Сондықтан барша осында қызмет жасаған ардагерлер үшін, білім алған түлектер үшін ерекше мереке. Әр шәкірттің жүрегіне жол тауып, асқақтаған арман қиялына жан бітіріп, санасына ақыл ұялатып, жаңа өмір жолына жол сілтеген ұстаздар қауымына қошемет пен ықыласымызды білдіремін. Республикаға белгілі журналист-аудармашы Ағайдар Ысымұлы ағамыз, белгілі кәсіпкер-меценант Талғат Тасболатұлы ағаларымыз сынды түлектер шыққан мектеп – мықты мектеп деп атап айтқым келеді, – деді аудан әкімі. Мұнан соң, мерекелік кеш концерттік қойылымдарға және волейбол спортынан аудандық турнирге ұласты.
Халықпен жүздесудің жалғасы Бестам мен Алмалы ауылдық округтерінде жалғасын тапты. Биыл 5 ауылға амбулатория құрылысы үшін 22,2 млн теңге қаржы қаралса, оның ішінде Бестам мен Алмалы да бар. Қос ауылдағы амбулатория құрылысы 2024 жылы басталатын болады.
Ал ақтоғандықтар бұл жолғы кездесуді кеңседе емес егін алқабында өткізуді жөн көріпті. Егін алқабына жиылған ауылдық ағайын ең алдымен, биыл Мемлекет басшысы мен Үкіметтің және аймақ басшысының қолдауымен, әрі аудан әкімінің ұйымдастыруымен дихандар үшін табысты жыл болғандығын айтты. Яғни, дер кезінде каналдарға электрлі су насостары қойылуының арқасында шаруалар биыл аяқсудан тапшылық көрмей, қамбаны астыққа толтырудың қамына кірісіп кетіпті. Сондай-ақ тұрғындар ауылда газ жүйесінің тартылып жатқандығына әрі дәрігерлік амбулатория құрылысының қарқынды жүріп жатқандығына ризашылығын білдірді.
Гүлнәр ДҮЙСЕБАЙ