Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ажалдан арашалап, өртті ауыздықтады

Ажалдан арашалап, өртті ауыздықтады



Қызыл жалынның қайдан лап ете қалатынын болжап білу мүмкін емес. Әсіресе кейінгі уақытта өрт дерегі жиі тіркеліп, жапа шеккендер тым көбейіп кетті. Ал құтқарылып, аман-сау қалғандар қаншама? Көк түтін мен қызыл жалын ішінен адамдарды аман алып шығу, ажалдан арашалау бүгінгі батырлардың – өрт сөндіру саласы мамандарының ерлігі десек артық емес. Бүгін де сондай бір дерекке тоқталып өткенді  жөн көрдік.

28 маусым күні Қызылорда қаласы №7-өрт сөндіру бөлімнің күшейтілген кезекшілігі кезінде жергілікті уақытпен сағат 14:42-де Қызылорда каласы А.Тоқмағамбетов көшесі №57 үйде өрт оқиғасы орын алды.

Облыс аумағындағы су айдындарында төтенше жағдайдың алдын алу бағытында үгіт-насихат жұмыстары да жүріп жатыр. бөлімнің жүргізуші-қызметкері, кіші сержант Ә.Бекет, өрт сөндіруші-құтқарушылар, кіші сержанттар М.Қуантаев пен М.Жеткерген өздеріне бекітілген үгіт-насихат аймағына бет алған кезде А.Тоқмағамбетов көшесі №57 жанынан өтіп бара жатып дереу көмекке барған.
Өрт сөндірушілер үй ішінен 1963 жылы туған ІІ топ мүгедегін қауіпсіз жерге шығарып, жедел жәрдем қызметкерлері жетем дегенше алғашқы көмек көрсеткен.

Өрт салдарынан үйге жапсарлас қосылған асхана бөлмесінің төбе жабыны мен шатыры толғымен жанды. көршілес орналасқан екі кабатты «Сыр қамқоры» балабақшасына таралуына жол берілмеді. Өртті сөндіруге 3 техника 15 қызметкер қатысты.

«СБ» ақпарат
04 шілде 2023 ж. 112 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930