Тілсіз жаудан жапа шекпейік
Ғаламдағы ең қауіпті мамандық – өрт сөндіруші қызметі екені белгілі. Апат айтып келмейді. Түрлі төтенше жағдайлар көктем мен жаз айларында орын алатыны жасырын емес. Мысалы: орман өрттері, су тасқындарындағы сел, табиғи аппаттар мен түрлі келеңсіздіктер. Қазақ «Өрт пен су – тілсіз жау» деп бекер айтпаған. Осынау тілсіз жаудың зардабын шеккен тұрғындар қаншама. Иә, бұрыннан қоғамда орын алған қауіптің алдын алып, алапат өрттен адамдарды құтқарып, материалдық және табиғи байлықтарды қорғап, күн-түн демей қандай да бір орын алған қауіпті дер кезінде ауыздықтайтын өрт сөндіруші қызметкерлердің қоғамдағы орны ерекше.
Шиелі халқы үшін төтенше жағдайлар мен тілсіз жау орын алғанда дер кезінде көмекке келетін Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің Шиелі ауданы №13 өрт сөндіру бөлімі жұмыс атқарады. Бұл бөлім алғаш 1957 жылы құрылған. Құтақарушылардың күн сайын, әр сағатта атқаратын ісінің маңызы мен мәнін айту қашанда орынды. Қазіргі кезде бөлімде 49 адам қызмет етеді. Аталған мекеме қызметкерелерінің беделі жоғары. Адам өмірін құтқару – жауапты миссия. Өрт қауіпсіздігін сақтайтын қызметкерлердің барлығының жүйелі жолға қойылған жұмыс ерекшеліктері бар. Дабыл қағылған сәтте бұндағы кезекші қызметкерлер 20 секундтың ішінде арнайы киімдерін киіп, белдігін тағып, көліктеріне отырып, өрт болған жерге баруға сақадай сай тұрады. Өртті тез сөндіру үшін ержүрек адам болу аз, ол үнемі физикалық тұрғыдан дайын болып, өрт қауіпсіздігі ережелерін, өрт сөндіру техникасын және отпен күресу амалдарын білетін білікті маман болуы қажет. Ал, тұрған жерінен «ұша жөнелетін» өрт сөндіру көлігі орташа есеппен 5 минуттың ішінде тиісті нүктеге келіп жетеді. Арнайы су шашатын автокөліктер 1 минуттың ішінде 210 литр су өрт болған аймаққа шашылады. Бұл техикалық көліктерге ай сайын күтім жасалады. Сондай-ақ бөлімде 4 ауысыммен жұмыс істейтін 7 басшылық пен 42 жеке құрам бар. Өрт сөндіру қызметкерлері жасы 18 бен 32 жас аралығындағы тепсе темір үзетін, денсаулығында ешқандай кінәраты жоқ жастардан құралған. Аудан мен ауылдарда шұғыл төтенше жағдай орын алғанда 5 автокөлік тәулік бойы дайын тұрады. Әр жыл сайын тұрғындардың отбасыларына барып, үгіт-насихат жұмыстарын уақытылы жүргізіп, апаттан абай болуға шақырады. Жалпы аудан бойынша жыл басынан бері 160 түрлі оқиға тіркелген. Әр түрлі тіркелген оқиғаны дер кезінде ауыздықтай білді. Тілсіз жаудың басым бөлігі жеке тұрғын үйдің үлесінде, оның шығу себебі үй жайындағы балалардың отпен ойнап, тұрмыстық газды және тұрғын үйдегі пешті пайдалану ережелерін сақтамау салдарынан орын алады. Осыдан бірнеше жыл бұрын байланыс жүйесінің сандық форматқа ауысуына байланысты бұрынғы «01» нөмірі қазір «101»-ге ауысқаны белгілі.

– Қазіргі еліміздегі орын алған эпидахуал біздің жұмыстың талабы мен тәртібін күшейте түсті. Төтенше жағдай кезінде біздің қызметкерлер халық көп шоғырланған жерлердегі тұрғындарға талапты қатаң сақтауға шақырды. Бөлімнің өрт сөндірушілері заман талабына сай өртке төзімді киім, жарамсыз ортаға пайдаланатын арнайы сығымдалған ауасы бар аппараттар киіп, өрт болған аумаққа жедел жетіп, қызыл жалын шарпыған аумақты дер кезінде ауыздықтайды. Тағыда Көкшетау қаласына барып, арнайы мамандардан дәріс алып, төтенше жағдайдан сақтану ережелерін үйреніп отырады. Жеке құрамда барлық жағдай қарастырылған. Өзіміздің бөлімде өртті сөндіру мен іс-әрекеттерге байланысты күнделікті сабақтар өткізіледі, – дейді төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Самат Серікұлы.
Осылайша, жүктелген жауапкершілікті арқалаған жандар үшін құтқару, көмектесу деген мақсат күн сайын бірінші орында тұрады. Осыдан-ақ өрт сөндірушінің қызметі оңай еместігін аңғаруға болады. Төтенше жағдай кезінде өзінен бұрын өзгенің өмірін құтқаруға ұмтылады. Олардың жұмысы сегіз сағатпен шектелмейтін ең ауыр қызмет.
Шапағат Тілеубаев