Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Аймақтың бас дәрігері балаларды мерекемен құттықтады

Аймақтың бас дәрігері балаларды мерекемен құттықтады



Бүгін «1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніне» орай, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Искаков Олжас Ермекұлы «Қамқорлық» оңалту орталығының жұмысымен танысып, орталықтағы және көпбейінді облыстық балалар ауруханасындағы емделуші балаларды мерекемен құттықтап, оңалту орталығындағы гидрокинезо терапиясының, шунгиттерапия, сенсорлық және интерактивті педагогикалық түзету жұмыстарының мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалтудағы маңыздылығын айтумен қатар, бүлдіршіндердің сауығып шығуына тілектестігін білдірді.

Одан соң аурухананың мәжіліс залында педиатрлар және ардагер педиатр дәрігерлер арасында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Аймақтың бас дәрігері Олжас Ермекұлы педиатрия саласына ғұмырын арнаған ардагер дәрігерлермен жүздесу барысында балаларға арналған медициналық көмекке тоқталып өтіп, педиатр-ардагерлер арасында пікір алмасу жүргізіп, жас мамандарға өз кеңестері мен жылы лебіздерін білдірді.
Сондай-ақ, көп бейінді облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Кушенова Зоя Рахатқызы мәртебелі меймандарды аурухана тынысымен таныстырды.

Кездесу соңында ардагер дәрігерлер қатары педиатр дәрігерлер арасында алғашқы басқосу ұйымдастырған сала басшысына алғыстарын білдіріп тарқасты.
02 маусым 2023 ж. 152 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (9258)

26 қараша 2024 ж.

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930