Шиелі: Үкіметтік емес ұйымдар ұлтқа қызмет етеді
Қазіргі таңда еліміздің үкіметтік емес ұйымдары (ҮЕҰ) қоғамдық қуаты зор, үлкен күшке айналды. Олар халықтың көкейіндегі өзекті мәселелерді көтеріп, солардың оң шешілуіне ықпал етуде және көптеген әлеуметтік жобаларға бастамашы болып жүр. Шиелі аудан әкімдігінде «Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және әріптестік жөніндегі аудандық кеңес» отырысы өтті.
Аудан әкімінің орынбасары Болатбек Ысмағұловтың төрағалығымен өткен кеңес отырысына кеңес мүшелері, дербес бөлім, мекеме басшылары, жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.
Алқалы жиынның күн тәртібінде аудандық қоғамдық даму бөлімінің 2023 жылға жоспарланған әлеуметтік жобалары және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі өзекті мәселелері, аудандағы кәсіпкерлік саласында туризмді дамыту бағытындағы әлеуметтік жобаның тиімділігі жөнінде алда атқарылатын жұмыстар, жасөспірімдер арасындағы өз-өзіне қол сұғушылықтың (суицид) алдын алу бағытындағы әлеуметтік жобаның нәтижелілігі мен тиімділігі, «Халықаралық «Қазақ тілі қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Шиелі аудандық филиалының 2023 жылғы 5 айда атқарған жұмыстары және алдағы жоспарлары туралы айтылды. Сәйкесінше баяндамашыларға кеңес мүшелері тарапынан өзекті сауалдар қойылып, ұсыныстар айтылды.
Кеңес барысында білгеніміздей, бүгінде аудан бойынша 34 үкіметтік емес ұйым тіркелген. Өкініштісі олардың ешбірі өңірде ұсынылып жатқан жобалардың жеңімпазы атанбай келеді. Осыны сынға алған Б.Ысмағұлов аудандық үкіметтік емес ұйымдармен түсіндірме жұмыстарын, қажет болса тренингтер ұйымдастыруды тиісті бөлім басшыларына тапсырды. Сондай-ақ халыққа пайдалы, тұрғындардың тұрмысын жеңілдетіп, әлеуметтік серпін беретін жобаларды қашанда қолдауға дайын екенін жеткізді.
Отырыс соңында, кеңес мүшелері мен үкіметтік емес ұйым жетекшілерінің ұсыныс пікірлері тыңдалып, талқыланған мәселелер бойынша жауапты мемлекеттік мекеме басшыларына азаматтық қоғамды дамыту бағытында тиісті жұмыстарды атқаруға тапсырмалар берілді.