Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жастар жұмыссыз қалмайды

Жастар жұмыссыз қалмайды

praktika

Жақында халықтың табысын арттыруға арналған бағдарлама 2029 жылға дейін ұзартылды. Аталған құжат 2025 жылға дейін жүзеге асырылуы керек болатын. Үкімет мерзімін ұзартқан бағдарлама қазақстандықтардың, оның ішінде ауыл тұрғындарының әл-ауқатын, өмір сүру сапасын жақсартуға, табысын арттыруға бағытталған.

«Халықтың табысын арттыру бағ­дар­ламасын әзірлеу қажет. Жұмыс нақ­ты және мақсатты болуы керек. Әрбір бас­қару деңгейінде кедейлікті азай­ту­дың нақты көрсеткіштері белгіленуі тиіс. Жұмысқа мұқтаж азаматтардың нақ­ты санын анықтау қажет» – деген Президент тапсырмасы негізінде жүзеге асып жатқан бағдарлама 5 бағытты қам­тиды. Олар: өңірлік жұмыспен қам­ту карталары шеңберінде эконо­ми­ка­ның нақты секторында жұмыс орнын құ­ру, «Ауыл аманаты» жобасын іске асы­ру шеңберінде ауыл тұрғындарының кі­рісін арттыру, табыс деңгейін арт­ты­ру­ды қамтамасыз ету жөніндегі жүйелі шаралар және мемлекеттік қолдау ша­ралары, бюджет қаражаты есебінен жа­­­лақыны көтеру бойынша мін­дет­те­мелер, халықты мемлекеттік әлеуметтік қолдау.

Деректерге көз жүгіртсек, ЖОО бі­тір­ген түлектердің шамамен 35 пайызы өз мамандығы бойынша жұмыс істе­мей­ді. Ал 40 пайызы оқу бітіргеннен кейін бір жыл көлемінде екі қолға бір күрек тап­пайды. Осы орайда жастар ара­сын­да­ғы жұмыссыздықты жоюды көздеген бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде 2029 жылға қарай 3,3 миллионнан ас­там адамды, оның ішінде 2,3 миллион жас­ты жұмыспен қамту жоспарланған.

Қазақстанда қазіргі уақытта 207 жұ­­мыспен қамту орталығы бар екен. Олар аудандарда, облыстық және рес­пуб­ликалық маңызы бар қалаларда тұ­ратын адамдарды қабылдайды. Жас­тар­ды жұмыспен қамтуға арналған «Күміс жас», «Алғашқы жұмыс орны», «Жастар прак­тикасы», «Дипломмен ауылға» сын­ды бағдарламалары бар. Аталған бағ­дарламалар жастарды жұмысқа ор­на­лас­тырудың тетігін іске асыруды қам­ти­ды.

ЖОО бітірген жас маманға бірден жұ­мыс табылуы қиын. Қолында дип­ло­мы болғанымен, тәжірибесі жоқ ма­ман­ды көп мекеме жұмысқа алғысы кел­мей­ді. Осы орайда мемлекет жастарға ты­­­­ғырықтан шығудың жолын ұсынады. Ол – «Жастар практикасы». Биыл да атал­ған жоба жалғасын тауып отыр.

Мемлекеттік жобаға жұмыс беру­ші­лер­дің өзі аса қызығушылық танытып отыр. Былтыр «Жастар практикасына» 436 жұмыс беруші қатысып, 1996 жаңа жұ­мыс орнын ашқан. Жұмыссыздарды қо­­­ғамдық жұмыстарға қызметке орна­лас­тыру үшін 2 164 жұмыс орнына 324 жұмыс берушімен шарт жасалған. Ас­тана қаласы әкімдігінің Халықты жұ­мыс­пен қамту орталығы Жастарды жұ­­­­мыспен қамту бөлімінің маманы Ай­гүл Рақышеваның айтуынша, «Жастар практикасы» әлеуметтік қолдауға мұқ­таж азаматтарды нақты қажеттіліктері бойынша анықтауға, жастарды жұмыс­пен қамтуға мүмкіндік береді.

– «Жастар практикасына» оқуды ен­ді бітірген, мамандығы бойынша әлі тә­­­жірибесі жоқ жастар қатыса алады. Бағ­дарламаға қатысудың бір шарты – оқу бітіргеніне 3 жылдан аспауы керек. Яғ­ни, мектеп пен колледж бітірген жас­тар да қатыса алады.
«Жастар практикасының» басты мақ­­саты – колледж немесе ЖОО жас­тар­ды мамандығы бойынша жұмысқа ор­наласуға көмектесу, жұмыс істеуге бейім­деу. Яғни, алғашқы жұмыс тәжі­ри­бесін жинауға мүмкіндік беру. Жұмыс тү­рі әр өңірде әрқалай. Жұмыс беру­ші­лер арасында мемлекеттік мекемелер, же­кеменшік компаниялар мен зауыттар бар. «Жастар практикасына» келгендер қай мекемеде тағылымдамадан өткісі ке­летінін айтып, өтініш білдірсе болады. Алай­да бір айта кетерлігі, жастар жұмы­сы ауыр кәсіпорындарға, зиянды, қауіпті жұмыстарға жіберілмейді.

Бағдарлама аясында практикаға қа­­­­былданған жас түлек өзін жақсы қы­ры­нан танытып, қабілет-қарымын көр­се­те алуы тиіс. Өйткені жұмыс беру­ші­нің талабы маңызды. Жұмысқа келген жас­ты арнайы тәлімгер үйретіп, жөн сіл­тейді.

Жас маман жауапкершілігін, талабы мен жұмысқа деген қызығушылығын та­­нытса, жұмысқа тұрақты орналаса ала­­ды. Былтыр 998 түлекті жұмыспен қам­ту жоспарланған. Білім беру ұйым­дарының 252 түлегі жастар тәжірибесіне қа­тысып жатыр. Биыл 900-ге жуық жас тү­лекті жұмысқа орналастыру көзделіп отыр.

«Жастар практикасына» қатысу­шы­лар­дың жалақы мөлшері әр жылда әр­түр­лі. Биылғы есептеме бойынша, 198 мың теңге. Қолға алатыны – 107 мың тең­ге. Бұл – мемлекет тарапынан бері­ле­тін жалақы. Зейнетақысы мен әлеу­мет­тік медициналық сақтандыруы жү­ре­ді. Егер жұмыс беруші бөлек еңбекақы тө­леймін десе, өз қалауындағы дүние.

«Жастар практикасы» бойынша жас ма­мандарды жұмысқа қабылдағысы ке­ле­тін жұмыс орындары көп. Бүгінде IT мамандары, заңгер, экономист, қар­жы­гер, экология саласы және балық ша­­­руашылығы бойынша мамандар сұра­нысқа ие болып отыр, – деді Айгүл Рақы­шева.
«Жастар практикасы» арқылы жұ­мыс­қа орналасқандардың бірі – Қазы­бек Мәулен. Алғаш рет «Жастар прак­ти­ка­сы» жайында досынан естіген ол Ас­та­на қаласы Сарыарқа ауданындағы Жұ­мыспен қамту орталығына барады. Қан­дай бос жұмыс орындары бар екенін біл­ген соң шешім қабылдайды. Тәуекел деп «Жастар практикасына» қатысып, жұ­мысқа тұрады.

– Өзім 10 жасымнан бастап «Астана» фут­бол орталығында ойнадым. Жасым 19-ға толғанда «Шахтер» футбол коман­да­сы­мен келісімшарт жасастым. Универ­си­тетті бітірген соң «Ордабасы» клубына ауыс­тым. Мамандығым – аудармашы, Е.Бө­кетов атындағы Қарағанды универ­си­тетін бітірдім. 22 жасымда футбол­да­ғы карьерамды аяқтап, әскери салада қыз­мет еткім келді. Бірақ денсаулығыма бай­ланысты бұл арманым орындалмады. Бас­қа жұмыс табу үшін Халықты жұ­мыс­­пен қамту орталығына келдім. Қа­зір Сарыарқа ауданы әкімдігінде келі­сім­шарт бойынша коммуналдық шаруа­шы­лық бөлімінде жұмыс істеп жатыр­мын. Болашақ әріптестерім мені өте жы­лы қабылдады. Жұмысым өзіме қат­ты ұнайды. Әкімшілікте жүріп көп тә­жірибе жинақтадым, жақсы адам­дар­мен араластым, жаныма жақын достар тап­тым. Ең қуанарлығы, осында жұмыс іс­теп жүріп өзімнің өмірлік жарымды кез­дестірдім. Бұйыртса, жақында тойы­мыз болады. Осы орайда өзім сияқты жұмыс із­де­ген жастарға Жұмыспен қамту орта­лы­ғына келіңіздер дегім келеді. Ол жер­де әртүрлі жұмыстар табуға болады. Осы орайда Жұмыспен қамту орталы­ғы­на және Сарыарқа ауданының әкім­ді­гіне шексіз алғысымды білдіремін, – де­ді Қазыбек Мәулен.


Еңбек және халықты әлеуметтік қор­ғау министрлігінің дерегінше, «Жас­тар практикасына» қалған аза­матт­ар­дың жартысы тұрақты жұмысқа орна­ла­сады. Ал орналаса алмағандарға Жұ­мыс­­пен қамту орталығы басқа мүмкін­дік­терді ұсынады екен. Мысалы, басқа ме­кемеге жібереді немесе Enbek элект­рон­ды биржасына өтініш береді. Сон­дай-ақ жастар шағын кәсіп ашамын де­се, мемлекеттік грант алу сынды мем­лекеттік көмектің басқа да түрлерін пай­далана алады.

А.БИМЕНДИЕВА
19 мамыр 2023 ж. 183 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (9258)

26 қараша 2024 ж.

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930