3,8 миллион қазақстандықтың табысы артады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жаңа Қазақстанды құру идеясына сәйкес жуырда елімізде халық табысын арттыру бағдарламасы іске асырылмақ.
Бұл бағдарлама бір миллионнан астам бюджет саласы қызметкерлерінің, квазимемлекеттік сектордың (мемлекеттiк кәсiпорындар, ЖШС, АҚ), өндірістік персоналдың еңбекақысын көтеру (дәрігерлер, мұғалімдер, ғылыми қызметкерлер, мемлекеттік БАҚ қызметкерлері, квазисектордың өндірістік персоналы), мемлекеттен қолдау алатын бизнеске нақты міндеттемелерді белгілеу арқылы, ондағы 2,8 миллион қызметкердің жалақысын арттыруды көздейді. Сондай-ақ бағдарлама аясында экономиканың түрлі салаларында инвестициялық жобаларды іске асыру есебінен 2025 жылға дейін 2 миллион жаңа жұмыс орнын құру (оның ішінде қазірдің өзінде 100 мыңға жуық жұмыс орны іске қосылды), импортталатын азық-түлік тауарларын 100 пайыз отандық тауарлармен алмастыру секілді бірнеше негізгі бағыттарды қамтиды.

Ал азық-түлік нарығын отандық өнімдермен қамту мәселесі турасында премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов былай дейді:
– Еліміз бойынша ішкі нарықтағы азық-түлік тауарларының 29 негізгі түрі өндіріледі. Ал оның үлесі 80 процентті құрайды. Дегенмен импортқа тәуелді тауарлар да жетерлік. Атап айтсақ, алма, шұжық өнімдері, ірімшік пен сүзбе, қант, ет, құс еті, балық секілді тауарлардың импортына тәуелдіміз. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін алдағы жылдары 900-ден аса инвестициялық жоба іске асырылып, оның ішінде 87 сүт-тауар фермасын, 14 ет комбинатын, 17 құс фабрикасын іске қосу, 6,6 мың гектар алаңда бақтар салу және қант зауытын салу және т.б. жобалар іске асыру жоспарда.
Сондай-ақ жоба аясында ауыл халқының өздерін, сондай-ақ жақын маңдағы қалаларды азық-түлікпен қамтамасыз етуіне, халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрақты табысын қалыптастыруға жағдай жасалмақ. Алғашқысы бойынша елді-мекендердегі шағын кәсіпкерлерге қолдау білдіріліп, олардың кәсіптерінің өсіп-өркендеуіне әкімдер жауапты болады. Ал соңғысы бойынша «Бақытты отбасы» жобасы аясында 20 мың көпбалалы ана мен мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған аналарға біліктілігін арттырып, үйден шықпай-ақ табыс табуға мүмкіндік жасалады. Дәлірек айтсақ, жоба аясында әйелдер еңбек нарығында сұранысқа ие 14 мамандық бойынша қысқа мерзімді курстан өтіп, өз ісін ашу бойынша тегін консультациялар алады.
Рамазан ӘНӘПИЯ