Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Тазалық мәселелері талқыланды

Тазалық мәселелері талқыланды



Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте облыс аумағының санитарлық тазалық жағдайы талқыланды.

Жиында аймақ басшысы облыс аумағындағы санитарлық тазалық мәселесі күн тәртібінен түспегенін атап өтті.

– Облыс әкімі аппаратының инспекторлары апта сайын облыс аумағында мониторинг жұмыстарын жүргізуде. Қорытындысы бойынша маған ақпарат ұсынылып, қала және аудан әкімдеріне тиісті тапсырма беріліп келеді. Алайда, айтарлықтай нәтиже жоқ. Тексеріс жұмыстары жүргізілген елді мекендердің барлығының дерлік тазалығы көңілден шықпайды. Елді мекендердің іші мен айналасы қоқысқа толы, демалыс саябақтары қираған, ойын алаңдары тозған», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Облыс әкімі аппаратының басшысы Шахмардан Байманов өңірдегі елді мекендер мен мекеме, ұйымдардың сыртқы келбетi мен санитарлық жай-күйін баяндады. Тексерілген елді мекендердің барлығының санитарлық тазалығында, бірқатар мекеменің сыртқы қасбеттерiнде кемшіліктер анықталған.

Жиын қорытындысымен аймақ басшысы қала, аудан әкімдеріне көрсетілген кемшіліктерді шұғыл түрде қалпына келтіруді тапсырды. Оның ішінде, жазғы лагерьлердің санитарлық жағдайын тез арада жақсарту, темір жол және автовокзалдың тазалығына ерекше назар аудару керектігін ескертті. Салынғанына аз уақыт болған нысандардың тозығы жетсе, мердігер мекемелер оларды жөндеп, қалпына келтіруi тиiс.

Мұнан бөлек, облыс әкімі барлық басқарма, департамент және аумақтық инспекция басшыларына қарамағындағы мекемелердің жағдайына күнделікті бақылау жүргізуді міндеттеді.
11 мамыр 2023 ж. 240 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930