Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Теріскейдегі тиімді бағдарлама

Теріскейдегі тиімді бағдарлама




Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы 2019 жылы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында еңбек ресурстарын есепке алудың тиімділігін арттыру мақсатында, еңбек күшіне сұраныс жоғары өңірлерде көші-қон үдерісін басқару үшін пәрменді шаралар қабылдау жөнінде Үкіметке тапсырма бергені белгілі. Президенттің тапсырмасы аясында бірнеше жылдан бері «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» атты ұлттық жобасы жүзеге асырылып келеді. Осы жоба аясында, жуырда Бұдабай Қабылұлы атындағы аудандық мәдениет үйінде «Қоныс аудару» бағдарламасы бойынша Солтүстік өңірлерден келген жұмыс берушілердің қатысуымен «Бос жұмыс орындарының» жәрмеңкесі өтті.

Жәрмеңкеге аудан әкімінің орынбасары Е.Апетов, сала мамандары мен аудан тұрғындары қатысты. Ең әуелі аталған бағдарлама аясында Абай, Қостанай, Ұлытау облыстарынан келген мамандар аудан тұрғындарына «Қоныс аудару» жобасының тиімділігі жайлы айтып, Солтүстік өңірлердегі бос жұмыс орындарының тізімін көрсетіп, аудан тұрғындарын жұмысқа шақырды. Сала мамандарының айтуынша,  ерікті қоныстандыру кезеңінде  әрбір отбасы мүшесіне тұрғылықты жеріне көшіп келгеннен кейін бір реттік 241 500 теңге, сондай-ақ мемлекеттік жоспарлау жүйесінің тұрғын үйді сатып алу кезеңінде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу, тұрғын үйді сатып алу және салу үшін құны 4 млн теңгеден аспайтын материалдық көмек беріледі.

Жиында Абай облысы, Абай ауданының жұмыспен қамту орталығының директоры Нұрбек Серікұлы өңіраралық жәрмеңкенің басты мақсатына тоқталып, жұмыс іздеушілердің сұрақтарына тікелей жауап берді. Одан соң «Семізбай-U» ЖШС Иіркөл филиалының өкілі Әсел Әбенқызы аудандағы уран саласына қатысты мекемелерге жұмысқа орналасуға, жұмыс берушілерге тікелей бармай-ақ түйіндемелерін ұсыну мүмкіндіктері жайлы баяндады. Аудан әкімінің орынбасары Е.Апетов жәрмеңкеге келген барша тұрғындарға өздеріне лайықты жұмыс түрлерін табуға, жұмыс берушілермен тікелей байланыс жасап, белсенділік көрсетіп, өз түйіндемелерін ұсынып, сұрақ-жауаптарын қойып, белсенділік танытуға шақырды. Жәрмеңке соңында өңір халқы көкейде жүрген көп сауалдарына жауап алып, «Қоныс аудару» бағдарламасына оң баға берді. 

Айта кету керек, Шиелі ауданы бойынша бүгінгі күнге дейін Солтүстік өңірлерге 30-дан аса отбасы ерікті түрде қоныс аударып, аталған мемлекеттік қолдау шараларымен толық қамтылған.
03 мамыр 2023 ж. 262 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (9258)

26 қараша 2024 ж.

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930