Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 16 отбасы Солтүстікке көшті

16 отбасы Солтүстікке көшті

Жуырда аудандық Бұдабай Қабылұлы атындағы мәдениет үйінде аудан әкімінің орынбасары А.Жандарбековтың қатысуымен «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Оған Павлодар облысынан жұмыс беруші делегациялар келіп, үміткерлермен кездесті. Жиынға, Павлодар облысынан келген жұмысшы топ, ауыл тұрғындары, БАҚ өкілдері мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Бұл жәрмеңкенің мақсаты – жұмыссыз жүрген азаматтарды нәтижелі әрі тұрақты жұмысқа тарту.
Өңіраралық жәрмеңкеде Шиелі ауданы әкімінің орынбасары А.Жандарбеков жұмыс іздеп келушілерге өз орнын тауып жұмысқа орналасуын, жұмыс тапқандарға еңбектерінің игілікті болуын тіледі.
Жалпы, «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы үш бағыт шеңберінде жүзеге асырылып келеді. Атап айтар болсақ, қоныстандыру кезеңінде қатысушыларға мемлекеттік қолдау әрбір отбасы мүшесіне бір рет және тұрғын үй жалдауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шығындарын өтеуге субсидия беріледі.
Тұрғын Еңбек ресурстарының теңгерімділігін арттыру мақсатында республикамыздың солтүстік өңірлеріне өз еркімен халықты қоныстандыру жұмыстары өз нәтижесін беруде. Үйді жалға алуға ақы төлеу шығындары қалалық жерге қоныс аударған бір адам үшін 20 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 58 340 теңге, отбасы мүшелерінің саны екеуден төртеуге дейін болған жағдайда 25 еселенген айлық есептік көрсеткіш 72 925 теңге және отбасы мүшелерінің саны бесеу, не одан да көп болған жағдайда 30 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 87 510 теңге он екі ай ішінде ай сайын субсидия төленіп отырады. Ал, ауылдық жерлерге қоныс аударғандарға 15 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 43 755 теңге, отбасы мүшелерінің саны екеуден төртеуге дейін болған жағдайда 18 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 52 506 теңге және отбасы мүшелерінің саны бесеу және одан көп болған кезде 21 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 61 257 теңге он екі ай бойы төленіп отырады.
Сонымен қатар, ерікті қоныс аударған қатысушы жеке тұрғын үй сатып алуды қаласа, ай сайынғы жалға алу ақысын келісімшарт негізінде бір мезетте алуына болады.
Сондай-ақ, жәрмеңкеде бейнеэкран арқылы бос жұмыс орындары бар қаланың тұрмыс-тіршілігі мен тазалығы көрсетілді. Жұмыс іздеп жиналған қауымға бос жұмыс орындары туралы мәлімет беріліп, үміткер сол жерде көзбен көріп, телефон арқылы тікелей тілдесуге мүмкіндік алды. Тұрғын Еңбек ресурстарының теңгерімділігін арттыру мақсатында республикамыздың солтүстік өңірлеріне өз еркімен халықты қоныстандыру жұмыстары өз нәтижесін беруде. Атап айтар болсақ, Қостанай отбасына 8 отбасы, Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласына 3 отбасы, Солтүстік Қазақстан облысына 5 отбасы қоныс аударып, еңбекке жарамды азаматтар жұмыспен қамтылып, түгелдей дерлік барлығына тұрғын үй берілген. Сонымен қатар, 2020 жылы Шиелі ауданы Ақмая ауылының тұрғыны болған Жанат Базарбаева отбасымен Қостанай облысы, Қамысты ауданына ерікті түрде қоныс аударып, «Қамысты аудандық білім бөліміне қарасты Краснооктябрь мектебінде» бастауыш сынып мұғалімі болып жұмысқа орналасып, мемлекеттен берілетін субсидияға 5 бөлмелі тұрғын үй сатып алды.
Яғни, қалалық жерге ерікті қоныс аударған отбасының 7 мүшесіне ай сайын 87 510 теңге, он екі айда 1 050 120 теңге қаржы бөлініп отыр. Қоныс аударушының тұрғын үйді сатып алу бойынша белгіленген құны мысалға 2 000 000 теңге болса, мемлекет тарапынан он екі айда төленуге тиісті 1 050 120 теңге бір мезетте аударылады. Сонымен қатар, бір реттік берілетін 714 665 теңге субсидия төленеді. Қалған 235 215 теңге қоныс аударған азаматтың өз қаражаты есебінен төленетін болады.
Жиын соңында, аудан әкімінің орынбасары А.Жандарбеков: «Қазақстанның кең-байтақ даласы байлыққа толы. Байтақ жер-ана жалпы жұртшылықты құшағына алып, өзегін талдырмай өсіруге дайын. Елбасы Қазақстан халқына әркез тынбай еңбек еткен адамның тұрмысы жақсы болатынын айтып келді. Жас­тар «жұмыс жоқ» деп қол қусырып қарап отырмай қай жерде мүмкіндік болса сонда барып, елдің дамуына ат салысқаны жөн», – деді.

Шапағат Тілеубаев



17 шілде 2021 ж. 521 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (9258)

26 қараша 2024 ж.

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930