Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сындарлы сәтке санаулы күндер қалды

Сындарлы сәтке санаулы күндер қалды

Мектепті тәмамдап, студент атанудың алдындағы белес ҰБТ-ның маңызы – жоғары оқу орнына түсу ғана. Тестілеуден төмен балл жинап, оқуға түсе алмай қалса, баланың психологиялық күйзеліске ұшырап, тіпті, өз-өзіне қол жұмсаған оқиғаларды көз көрді, құлақ естіді. Биыл министрлік осыны ескеріп, ҰБТ-ны 5 рет тапсыруға мүмкіндік берді. Анығында, ақылы ҰБТ – қаңтар, наурыз, тамыз айларында өтсе, мемлекеттік грант байқауына арналған ҰБТ – мамыр мен маусым аралығында 2 рет өтеді.

Биыл облыста 8048 оқушыға соңғы қоңырау соғылады. Соның 7044-і Ұлттық бірыңғай тестті тапсыруға ниетті. Еліміз бойынша 10 қаңтарда ақылы тестілеу өтті. Аудандық білім бөлімінің дерегінше, оған талапкерлердің 87 проценті қатысып, бағын сынап үлгерген. Қаңтар айында өткен ақылы тестілеуде ең жоғары 139 баллды №45 Ақ орда мектеп-гимназиясының түлегі жинаған. Айта кеткен жөн, 2023 жылғы ҰБТ өзгеріссіз қалды. Сонымен қатар тестілеу кезінде калькулятор, Менделеев кестелері компьютер экранында қолжетімді. Ал 14-31 наурыз аралығында өткен ақылы тестілеуге бітіруші түлектердің 73,1 проценті қатысқан. Шекті баллды №46 А.С.Пушкин атындағы мектеп-лицейдің түлегі алған. 

– Мектеп бітіруші түлектерден ҰБТ-ға өтініш қабылдау 28 сәуір мен 14 мамыр аралығында жүргізіледі. Ақылы тестілеуді І кезеңінде аудан бойынша 834 оқушы, ІІ кезең бойынша 701 оқушы тест тапсыруға өтініш білдірді. Облыс бойынша 3 ұлттық бірыңғай тестілеу орталығы жұмыс істеуде. Олар – Қызылорда қаласы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінде және Жаңақорған кентінде орналасқан. Шиелілік түлектер Жаңақорған кентіндегі тест орталығына барып бақтарын сынайды. Биылғы оқу жылының қорытындысымен 960 мектеп бітіруші түлек ҰБТ-ға қатысады деп жоспарлануда, – дейді Шиелі ауданы бойынша білім бөлімінің сектор меңгерушісі Марат Ақпанбетов.

ҰБТ-дан қанша балл жинай аламын? Биыл 11-сыныпты аяқтайтын Бекмұхамед Сағымбайұлын мазалап жүрген басты сұрақ осы. Ол түсінікті де. Мектеп бітіретін әрбір оқушы үшін қазір нағыз сыналатын шақ. Сондықтан күн-түн демей дайындалуға тура келеді. Уақыт аз қалды. 
№159 Еңбекші қазақ мектептің түлегі соңғы ақылы тесттен – 113 балл жинаған.

– Мен үшін Ұлттық бірыңғай тестілеу – өмірімнің бір кезеңі, тағы бір баспалдағы десе де болады. 11 жыл бойы оқыған орта білімнің бағасын алып, жоғары білімге қадам басатын бағыт. Өмірімнің әр кезеңінен абыроймен өткім келеді. ҰБТ-да химия-биология пәнін таңдадым. Болашақта өз саласының мықты маманы болғым келеді, – дейді Б.Сағымбайұлы.

Талай түлектің түн ұйқысын ұрлап, еркін жүруден тыйған ұлттық тестілеуге де санаулы күндер қалды. Ендеше, әрбір талапкердің осы бір сынақтан сүрінбей өтуін тілейміз.
03 мамыр 2023 ж. 247 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (9258)

26 қараша 2024 ж.

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930