Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Шиелі ауданында залалсыздандыру жұмыстары басталды

Шиелі ауданында залалсыздандыру жұмыстары басталды

Жыл сайын көктем-күз мезгілдерінде Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының алдын алу мақсатында кенеге қарсы арнайы залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі. Биылғы жылы да бұл үрдіс өз жалғасын тапты. 

Сейсенбі күні өткен дизенсекция жұмыстарына ауылдық округ әкімдері, Қызылорда облыстық санитариялық-эпидемиялогиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Алия Мүтәліпқызы, сондай-ақ аудан әкімінің орынбасары Ерсұлтан Апетов пен бөлім басшылары қатысты.

Шарада аудан әкімінің орынбасары кент және ауылдық округ әкімдері мен осы жұмыстарды жүргізетін мамандарға тиісті іс-шараларды нақты орындап, залалсыздандыру жұмыстарының уақытылы жүргізілуіне ықпал етуді тапсырды. Айта кетейік, Шиелі ауданында 17 елді мекен қолайсыз аймақтар қатарына енген. Қазіргі таңда аудан аумағында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының табиғи ошағында санитарлық тазарту жұмыстары басталды.

Ал, Қызылорда облыстық санитариялық-эпидемиялогиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Алия Мүтәліпқызы тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын күшейтіп, тұрғын үй аумағында жиналып қалған күл-қоқыстарды белгіленген қоқыс полигондарына шығару керектігін ескертті. Бұл арқылы дезинсекция жұмыстарының тиімділігі артпақ.

Конго Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының негізгі тасымалдаушысы – иксод кенелері. Сондықтан, адамдар арасында аталған ауру кенелердің белсенділігі артқан кезде жиі кездеседі. Қазіргі уақытта бұл ауру түрін емдеу әдістері оң нәтиже беруде. Сондықтан, егер сізді кене шағып алған болса, міндетті түрде тұрғылықты жер бойынша емдеу мекемесіне көмекке жүгініңіз. Медицина қызметкерлері сізді 14 күн бойы бақылайды. 

Кенелер құмдағы мал жайылымдарында, мал қораларда, малдарда болғандықтан, алдағы уақытта механикалық тазарту жұмыстары осы аталған аумақтарда жүргізілетін болады.
25 сәуір 2023 ж. 206 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (9198)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (9197)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031