Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Былтыр Шиеліде 13 адам Конго-қырым геморагиялық қызбасы ауруына шалдыққан

Былтыр Шиеліде 13 адам Конго-қырым геморагиялық қызбасы ауруына шалдыққан




Өткен жылы Шиелі ауданында Конго-Қырым геморагиялық қызбасы ауруының эпидемиологиялық ахуалының күрделі болғандығы белгілі. Былтырғы жылы аталған диагнозбен 13 науқас ауырса, 4 науқастың диагнозы арнайы зертханалық жолмен нақтыланғаны есте. Өкінішке қарай екі адам Конго-Қырым геморагиялық қызбасы ауруынан қаза тапты. Ал биыл ­ахуал қалай?

Жыл басынан бері жалпы саны 11 адамды кене шаққан. Бұл сәуір айына дейінгі көрсеткіш. Медициналық көмекке жүгінгендердің арасында тек 2 адам ғана күдікті жағдайға алынды. Алайда аталған екі күдіктінің де диагноздары зертханалық жолмен анықталмады. Бұл туралы Шиелі аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Гүлзада Әйтекеева мәлімдеді.
 
Иә, мамандардың зерттеуі бойынша, соңғы үш жылда жүргізілген эпидемиологиялық тексеру нәтижесіне сәйкес, бұл инфекцияны жұқтыру көздерінің басым бөлігі кене шағумен, мал бағумен, сондай-ақ егін егумен байланысты болатындығы анықталды. Ал биылғы жылы Шиелі ауданында 17 елді-мекен қолайсыз аймақтар қатарына енгізілді. Соған сәйкес Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының табиғи ошағында қоныстанған аудан тұрғындары мен ауылдық округтерде санитарлық-эпидемиологиялық тазарту жұмыстарын жүргізу шаралары басталды. Сәуір және мамыр айларынан ¬бастап көктемгі кенеге қарсы дизенсекциялау жұмыстары 2 рет өз кезегімен іске асатын болады. Ал мамандар аталған жұмыстарды ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» Қызылорда облысы бойынша филиалы және тендрмен жеңіп алған мекемелердің атқаратындығын мәлім етті. 

Алдағы уақытта, Шиелі аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау   басқармасы тарапынан кенелерге қарсы дезинсекциялау жұмыстары басталғанға дейін елді мекендердегі мал шаруашылығы үй-жайларын тазалауды, және малдарды жазғы жайылымға айдаған кездегі уақытша орындарды, ашық қораларды және қоршаған ортанының санитарлық талаптарын ұйымдастыру мақсатында ауылдық округ және кент әкімдеріне қатынас хаттар жіберілді. Ал Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу мақсатында басқарма мамандары мен Шиелі ауданаралық ауруханасының қызметкерлерінен құрылған жұмысшы топ мониторингтік бақылау және әдістемелік көмек  көрсету жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ аудан тұрғындарымен кездесулер ұйымдастырылды.
25 сәуір 2023 ж. 167 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (9198)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (9197)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031