Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Індет таратпау– міндет

Індет таратпау– міндет

Аудандық санитариялық-эпидемиологиялық басқармасы тарапынан жұқпалы және паразитарлық аурулардың 46 ­нозологиясы бойынша мониторинг жүргізілген. Тиісінше алдын алу, тұрақтандыру, таратпау мақсатында жүйелі жұмыстар атқарылған. Өткен жылдың қорытынды есебіне сәйкес жалпы жұқпалы аурулардың эпидемиологиялық ­ахуалы қанағаттанарлық деңгейде. Бұл туралы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысы Гүлзада ­Айтекеева мәлімдеді.
Сондай-ақ 2022 жылдың қорытынды есебі бойынша жалпы жұқпалы аурулардың эпидемиологиялық ахуалы қанағаттанарлық жағдайға келіп, ауру түрлері тіркелген жоқ. Басқарма басшысының айтуынша, төмендегі аурудың бес түрі бойынша аурушаңдық деңгейі төмендеген.

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы
Аталған ауру түрінен эпидемиологиялық ­ахуал күрделі жағдайда болған. Бұл ауру түрінен күдікті 13 науқас тіркеліп, 4 адамның диагнозы зертханалық жолмен нақтыланып, 2 жағдай өліммен аяқталыпты. Ал 9 науқаста сынама нәтижелері нақтыланбаған. Сәйкесінше, кене шағумен медициналық көмекке жүгінгендер саны да салыстырмалы түрде жылдағыдан 3 есеге артты. Яғни 144 науқас кенеден зардап шеккен болса, 2021 жылы 43 адамды кене шаққан. Барлық жағдайларда, ауру ошақтарында індетке қарсы, алдын алу шаралары ұйымдастырылып, нысандар жоспардан тыс тексерумен қамтылып, медицина қызметкерлері арасында орын алған кемшіліктер бойынша 5 жауапты қызметкер әкімшілік жауапқа тартылған.
Аудан әкімінің төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою комиссиясының кезектен тыс 2 отырысы өткізіліп, онда көптеген мәселелер талқыланып, тиісті ведомства басшылары мен ауыл әкімдеріне нақты хаттамалық тапсырмалар берілген.

САРЫ АУРУЫ ­БОЙЫНША КӨРСЕТКІШ ЖОҒАРЫ
Сары аурумен өткен жылы 3 науқас тіркелген. Аурушаңдық көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 3 науқасқа жоғарылаған.
Ал аудан тұрғындары мен жергілікті жануарлар арасында құтыру ауруы тіркелген жоқ. 2022 жылдың қорытындысы ­бойынша аудан көлемінде әртүрлі жануарлардың тістеуінен, тырнап, сілекейленуінен зардап шеккен 212 адам медициналық көмекке жүгінген. Жарақат алғандардың 50,5 проценті 14 жасқа дейінгі балаларды құрап, салыстырмалы жылдан яғни 331,9-дан 392,8-ге дейін жоғарылаған. Жарақат алып медициналық көмекке жүгінгендердің ішінде егуден бас тартқандар, егуді өз еркімен тоқтатқандар болмаған. Жарақат алғандардың 193-і иттен алған жарақаттар болса, 14 адам мысықтардан, 3-еуі жылқы, 2 жағдай басқа жануарлардан алған жарақаттардың үлесінде.

ТУРБЕЛКУЛЕЗБЕН АУЫРҒАНДАР АЗАЙДЫ
Өткен жылдың есебі бойынша турберкулезбен ауыратын 32 науқас есепке алынды. Оның ішінде тыныс алу органдары туберкулезімен ауырып есепке алынғаны 28 адам. Жалпы аудан бойынша аурушаңдық көрсеткіші 2021 жылы 42,8 болса, 2022 жылы 37,7 болып, 4 жағдайға азайды. Туберкулез ауру ошақтарында профилактикалық шаралар толық орындалған. Тиісті контингенттерді флюрографиялық тексерістермен, балаларды «Манту» сынамасымен және туберкулезге қарсы вакцинация және ревакцинация жұмыстарымен қамту оптималды деңгейде орындалған.

ПАРАЗИТАРЛЫҚ АУРУЛАР
Бұл ауру түрі бойынша 2022 жылы барлық паразитарлық аурулар бойынша 42 жағдай тіркеліп, 100,0 адамға шаққандағы көрсеткіш 49,3 құрап, 2021 жылмен салыстырғанда 8 жағдайға жоғарылаған. Яғни аурушаңдық көрсеткіш 34 жағдаймен 40,9-дан 49,3 процентке өскен.

Сымбат СҰЛТАН
27 ақпан 2023 ж. 163 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (9200)

06 мамыр 2024 ж.

№35 (9199)

04 мамыр 2024 ж.

№34 (9198)

30 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031