Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Астана мешіттері Қадір түнін қалай өткізеді?

Астана мешіттері Қадір түнін қалай өткізеді?



Астана мешіттерінде Қадір түніне арналған іс-шара құптан намазы кірген уақытта, яғни, сағат 22:00 шамасында басталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Әзірет Сұлтан» мешітінде құптан намазынан кейін, ҚМДБ төрағасы Бас мүфти 22:10-22:30 аралығында «Қадір түннің артықшылығы» жайлы уағыз айтады.

Ал 22:30-23:30 аралығында тарауық намазы мен үтір намазы оқылады.

Содан кейін Бас мүфти Құран хатым дұғасын жасайды. Хатым бұл – Құранды толықтай оқып шығу. Барлық мешітте Рамазан айы бойы Тарауық намаздарында Құран толықтай оқылады және осы Қадір түнінде бітеді. Яғни, Құран хатым - құранды толық оқып шыққаннан кейін жасалатын дұға. Ол дұғаға қатысу мәртебе, мүмкіндік. Өйткені дұға қайтарылмайды. Астана қаласында бұл дұға тек «Әлжан ана» мешітінде оқылмайды. Себебі, «Әлжан ана» мешітіндегі Тарауих намазында Құран толық оқылған жоқ. 

23:40-23:55 аралығында «Мың айдан да қадірлі Қадір түнін сауапты амалмен өткізу жайлы» насихат айтылады.

23:55-00:00 аралығында үтір намазы оқылып, одан кейін жарты сағат жеке құлшылық уақыты болады. Әрі қарай түнгі құлшылықтың маңызы жайлы уағыз айтылып, ерлер мен әйелдерге жеке викториналық сұрақ-жауап өтеді.

01:10-02:10 дейін жеке құлшылық уақыты.

02:30-02:50-ге дейін Таһаджуд намазының артықшылықтары жайлы уағыз айтылады. Сәресіне дейінгі уақыт түнгі намаз, жеке құлшылықпен өтуі керек. Діни басқарма Тарауық намазын оқып болғаннан кейін жеке қалып құлшылық жасау үшін Қадір түнін үйде өткізген жақсырақ дейді.

Сәресін ішіп, таң намызын оқығаннан кейін Қадір түні аяқталады.

Сондай-ақ, Астана қаласында автобустар Тарауық намазынан кейін тегін жүреді. 

Мешітке келген жамағатқа ыңғайлы болу үшін бағдарлар қала мешіттерінен бірнеше бағытта жүреді.

«Республикалық Бас мешіт» мешітінен жүретін бағдарлардың бағыты:
- «Целинный» ы.а.;
- Гребной канал;
- Республика даңғылы.

«Әзірет Сұлтан» мешітінен жүретін бағдарлардың бағыты:
- «Спутник» супермаркеті;
- ТЖ вокзалы;
- «Көктал-1,2» ТА.

«Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінен жүретін бағдарлардың бағыты:
- «Көктал-1,2» ТА;
- ТЖ вокзалы;
- Мед. колледж.

«Сәдуақас қажы Гилмани» мешітінен жүретін бағдарлардың бағыты:
- «Көктал-1,2» ТА;
- «Кирпичный» ТА.

«Рақымқызы Райса ана» мешітінен жүретін бағдардың бағыты:
- «Рахмет» СО.

17 сәуір 2023 ж. 128 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№35 (9199)

04 мамыр 2024 ж.

№34 (9198)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (9197)

27 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031