Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Тик Токта танымал болу үшін көпірден секірген

Тик Токта танымал болу үшін көпірден секірген



Полиция әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадағы көпірден секіріп кеткен адамды анықтады.

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде Түркістан облысының полицейлері жас жігіттің досымен бәстесіп, көпірден секіріп кеткен бейнежазбасын анықтады.
Оқиға 1 сәуірге қараған түні Сайрам ауданы Ақсукент маңындағы Ақсу өзенінде болған. Сайрам АПБ-ның қызметкерлері жастардың кім екенін анықтады.
Жігіттердің бірі видеоға түсірсе, екіншісі көпірден секірген. Олардың ауыл тұрғындары екені белгілі болды. Екі жігіт видеоны ақша алу үшін емес, әзіл үшін, содан кейін Tik Tok желісіне орналастыру мақсатында түсіргенін айтты.
Суға секірген жігіт жарақаттанбаған және оның денсаулығына ешқандай қауіп төнбеген. Олар істеріне өкінетінін айтып, бұдан былай мұндай асығыс, әрі өмірге қауіп төндіретін әрекеттерді жасамауға уәде берді.
Сондай-ақ тәртіп сақшылары оларға профилактикалық түсіндірме шараларын жүргізді.
06 сәуір 2023 ж. 244 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (9347)

21 қазан 2025 ж.

№79 (9346)

18 қазан 2025 ж.

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031