Әлемде клиф дайвингтен жарыс өтті
Босния және Герцеговинаның Мостар қаласында клиф-дайвингтен халықаралық жарыс өтті. Осы жолы қатысушылар қаладағы көне көпірден суға секірді. Ерлер арасында Гарри Хант қатарынан 3 рет жеңіске жетіп отыр. Жалпы есепте ол америкалық Стивен Лобюды артта қалдырып, бірінші орынға шықты. Екінші орынды чех Михал Навратил иеленсе, Румыниядан келген Каталин Преда үшінші орынды қанжығасына байлады. Әйелдер арасында мексикандық Адриана Хименес ерекшеленіп, жалпы есепте бірінші орынды алды. Гарри Хант, клиф-дайвингтен жарыс жеңімпазы: - Өткен жылы олар маған көпірден секіріп жеңіске жете алмайсың деп айтқан. Бұған әлі ешкімнің қолы жетпеген деді. Алайда мен бәріне дәлелдей алдым. Алда әлі талай мақсаттар бар.
www.24.kz
www.24.kz