"Қайталама нарықтағы тұрғын үй бағалары төмендейді" - Сарапшылар
Жылжымайтын мүлік нарығының сарапшылары қайталама нарықтағы тұрғын үй бағасының төмендейтінін болжады.
Жыл басынан бері жылжымайтын мүлік нарығы бір орында қатып қалды десе болады. Бағалар бірдей деңгейде, ал мәмілелер саны 27%-ға төмендеді. Сарапшылар сәуір айында ол жанданады деп сенеді. Жазда айына 30 мың мәмілеге дейін жасалатынын айтты.“Бұл – соңғы алты айдағы жағдай. Артық бағаланып, лезде қымбаттаған қайталама жылжымайтын мүлік бағасы төмендейді.Сатушылар мәмілелер саны бойынша белгілі бір ағын бар екенін түсініп, ескеруі керек. Артық бағаланған жылжымайтын мүлікке сұраныс болмайды”, – деді Қазақстан біріккен риэлторлар қауымдастығы президентінің кеңесшісі Нина Лукьяненко.
Бірақ жаңа салынған тұрғын үй бағалары төмендемейді. Шаршы метрге арналған бағалар құрылыс материалдарының құнын ескере отырып, қалыптасады. Өткен жылдан бастап олардың бағасы өзгермесе де, жазда бәрі қымбаттайды. Сондықтан сарапшылар алдағы айларда мәмілелерді рәсімдеген дұрыс деп кеңес береді.
Болжам бойынша, көктемде шаршы метр құны шарықтамайды. Ешқандай серпіліс болмауы керек, мамыр айының соңына дейін 0,5-1%-ға ғана баға өседі”, – деп түсіндірді Қазақстан құрылыс салушылар қауымдастығының президенті Виктор Микрюков.
Ұзақ мерзімді перспективада жылжымайтын мүлік – жақсы инвестиция. Алдағы жылдары шаршы метрдің бағасы төмендемейді. Екі жылдан кейін жалақының біртіндеп өсуін ескере отырып, ипотекалық төлемдердің қазіргі сомалары отбасылық бюджетке айтарлықтай әсер етпейді, дейді сарапшылар.