Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Құрғақшылық болуы мүмкін»: Синоптиктер фермерлерге үндеу жасады

«Құрғақшылық болуы мүмкін»: Синоптиктер фермерлерге үндеу жасады



«Қазгидромет» РМК мамандары көктемгі егіс алдында топырақтағы ылғал қорының болжамын шығарды.

Синоптиктердің айтуынша, жалпы қалыптасқан жағдай елдің солтүстігіндегі астық егетін өңірлер үшін қолайлы болады, алайда Қазақстанның батысында, орталық және шығыс бөліктерінде сәуір айында жауын-шашын тапшылығы болуы мүмкін, бұл ауыл шаруашылығы дақылдарының өсуі мен дамуына теріс әсер етуі мүмкін.
Алдын ала болжам бойынша, көктемгі егіс жұмыстарының алдында Қазақстан аумағындағы егістіктердің ылғалмен қамтамасыз етілуі күтілуде:
  • оңтайлы деңгейден қанағаттанарлық деңгейге дейін - Абай, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарында;
  • қанағаттанарлық - Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында;
  • оңтайлы - Жетісу және Түркістан облыстарында.
«Көктемгі егіс жұмыстары кезіндегі ылғал қоры туралы мәліметтер егіс алқаптарының құрылымын анықтауда, дақылдарды себудің оңтайлы нормаларын анықтауда, тұқымдарды отырғызу тереңдігін таңдауда және тыңайтқыштарды енгізуде маңызды рөл атқарады, бұл соңында жалпы өнімнің сапасы мен шығымдылығына әсер етеді және өндірілген өнімнің өзіндік құнына әсер етеді», дейді Қазгидромет мамандары.
Көктемгі егіс жұмыстарының басталуына қарай топырақтағы ылғал қорының нақты болжамы шамамен 25 сәуірде әзірленетіні қоса хабарланды.
27 наурыз 2023 ж. 151 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (9258)

26 қараша 2024 ж.

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930