Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда аптап ыстық қашан басылады?

Қазақстанда аптап ыстық қашан басылады?


20 және 21 шілдеде Қазақстанның солтүстік, шығыс және батыс өңірлерінде ыстық басылады, күн күркіреп, қысқа мерзімді жаңбыр жауады. Клайда еліміздің қалған аумағында 20 және 21 шілдеде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Атырау, Павлодар, Ақмола, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Ақмола, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында бұршақ жауып, жел күшеюі мүмкін. Ауа температурасы күндіз 38 градусқа жетеді. Алматы, Қызылорда, Ақтөбе облыстарында өте ыстық болады деген болжам бар. Қызылорда облысында ауа температурасы 40-43 градусқа дейін көтеріледі, кей жерлерде сынап бағанасы 46 градусқа жетеді. Сондай-ақ, қатты ыстық Түркістан, Жамбыл, Атырау, Маңғыстау, Қостанай, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында сақталады.
21 шілде 2019 ж. 1 376 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№64 (9431)

25 тамыз 2026 ж.

№63 (9430).

22 тамыз 2026 ж.

№62 (9429)

18 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31