Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін Қазақстанның кей қалаларында бұршақ жауады

Бүгін Қазақстанның кей қалаларында бұршақ жауады

Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың батысында, шығысында және оңтүстік-шығысында 4 шілде күні өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Бұршақ жауып, жел күшеюі де мүмкін. Елдің оңтүстігінде шаңды дауыл көтеріліп, солтүстікте және орталықта түнде және таң ата тұман түседі, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Түркістан, Қызылорда, Атырау облыстарының кей жерлерінде жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Шаңды дауыл көтерілуі де мүмкін. Алматы, күндіз Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел күшейеді. Жылдамдығы секундына 15-20 метр болады. Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының бірқатар аймақтарында да жел күшейіп, жылдамдығы 15-20 м/с болады, күндіз Шығыс Қазақстан облысында желдің екпіні секундына 25 метрге жетеді. Бұршақ жаууы да ықтимал.
Қарағанды облысында түнде және таң ата бірқатар аймақтарда тұман түсіп, жекелеген аудандарда жел секундына 18 метрге дейін күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде түнде және таң ата тұман түседі. Күндіз Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында аптап ыстық болады. Кей жерлерде қатты ыстық болады. Батыс Қазақстан облысы мен Қостанай, Қарағанды облыстарында өте қатты ыстық болады. Маңғыстау, Атырау облыстары мен Қызылорда, Батыс Қазақстан Ақтөбе, Түркістан, Шығыс Қазақстан обылстарында өрт қаупі сақталады.

Baq.kz
04 шілде 2018 ж. 1 142 0