Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда бүгін ауа райы құбылмалы болады

Қазақстанда бүгін ауа райы құбылмалы болады

Қазақстанның кей жерінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 22 шілде күні ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
«Қазгидромет» РМК-дан хабарлағандай, республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында және солтүстігінде жауын-шашынсыз күн райы болжанады. Кей жерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейеді. Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста шаңды дауыл тұрады. Күндіз солтүстікте, орталықта, батыс пен шығыста бұршақ жаууы ықтимал.
Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде 15-20 м/с екпінмен соққан желдің жылдамдығы 25 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде найзағай ойнайды, 15-20 м/с жел соғады, күндіз бұршақ болуы ықтимал. Батыс Қазақстанда дауыл күтіледі.

Жамбыл, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейіп, шаңды дауыл тұрады.
Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарында кей жерде найзағай байқалып, жел 15-22 м/с күшейеді.
Маңғыстау облысының кей жерінде түнде жел 15-20 м/с болады.
Сондай-ақ Алматы, Қызылорда, Атырау облыстарында, Маңғыстау, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерінде қатты ыстық сақталады. Түркістан облысында қатты ыстық, шөлді аудандарда өте қатты ыстық күтіледі.
Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан облыстарында, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Baq.kz
22 шілде 2018 ж. 920 0