Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Күзгі суық: 4 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Күзгі суық: 4 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

“Қазгидромет” РМК 4 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынады. Республиканың солтүстік-батысы мен шығысының кей жерлерінде жаңбыр жауады, шығыста түнгі мезгілде жаңбырдың арты қарға ұласуы мүмкін. Қазақстанның қалған бөлігіне антициклон әсер етеді, сол себепті күн жауын-шашынсыз болады. Оңтүстікте және оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады.
Республиканың солтүстік, солтүстік-батыс, шығыс және орталық бөліктерінде ызғар болады. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қарағанды облыстарында түнде және таңертең тұман түседі. Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында 15-20 м/с жел соғады.
Қостанай облысының кей жерлерінде күн тұманды болады. Түркістан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде секундына 15-20 метрге жететін жел соғады. Қызылорда және Маңғыстау облыстарында арагідік шаңды дауыл тұрады, Қызылорда облысында күндіз жел екпіні секундына 23 метрге жетеді.
Қызылорда, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе және Қарағанды облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде 3 градус ызғар болады.

https://baribar.kz/


04 қыркүйек 2018 ж. 2 474 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (9334)

06 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930