1 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты республиканың солтүстік, орталық және шығыс аймақтарының кей жерлерде жаңбыр жауып, солтүстікте оның соңы қарға ұласуы мүмкін. Жаңбыр кезінде найзағай жарқылдап, екпінді жел соғуы мүмкін. Күндіз бұршақ жауып, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Оңтүстікте шаңды дауыл болады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Қазақстанның батыс және оңтүстік өңірлерінің біршама бөлігінде күн ашық болады. Республиканың солтүстік және солтүстік-батысында түнде кей жерлерде үсік болуы мүмкін.
Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, найзағай жарқылдап, түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз бұршақ жаууы мүмкін.Қызылорда облысында желдің жылдамдығы түнде кей жерлерде 15-20 м/с, ал екпіні 23-28 м/с күшейіп, шаңды дауылға ұласады.
Түркістан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с күшейіп, шаңды дауыл соғады.
Павлодар, Қостанай облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі, күндіз желдің күші 15-20 м/с жетеді.
Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшеюі мүмкін.
Ақмола облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі.
Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде өрт шығу қаупі бар.
Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде 3 градус үсік жүруі мүмкін.
Baq.kz