Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 29 тамызға арналған ауа райы болжамы

29 тамызға арналған ауа райы болжамы

Елімізде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде күн күркіреп, жаңбыр жауады және екпінді жел тұрады. Орталықта және шығыста бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстікте шаңды дауыл соғады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Еліміздің солтүстігі, орталығы және шығысының кей жерлерінде тұман түседі. Тек республиканың батысында күн райы ашық.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.
Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде және таңертең тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түсіп, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.
Алматы, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-22 м/с күшейіп, шаңды дауыл соғады.
Түркістан облысында, күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде өрт шығу қаупі жоғары екені болжанады.
Baq.kz
29 тамыз 2018 ж. 1 133 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9261)

06 желтоқсан 2024 ж.

№96 (9260)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

01 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031