Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 15 тамызға арналған ауа райы болжамы

15 тамызға арналған ауа райы болжамы

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. “Қазгидрометтің” хабарлауынша, атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты республиканың кей жерлерінде құбылмалы ауа райы сақталады. Найзағаймен бірге жаңбыр жауып, дауыл және екпінді жел соғады. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20  м/с-қа дейін күшейеді, найзағай ойнап, бұршақ жауады, түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде дауыл болады.
Күндіз Батыс Қазақстан облысында кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетіп, найзағай, дауыл тұруы мүмкін. Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.
Жамбыл, Түркістан, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел  15-20 м/с -қа дейін күшейеді, Түркістан облысында шаңды дауыл соғады. Атырау, күндіз Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды. Қызылорда, Түркістан, кей жерлерде Жамбыл, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды облыстарында өрт қаупі күшті болады.

baribar.kz
15 тамыз 2018 ж. 1 944 0