Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, бұршақ жаууы ықтимал

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, бұршақ жаууы ықтимал

3 тамызда ауа ағындарының өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, республика бойынша кей жерлерде найзағаймен бірге жаңбыр жауады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК хабарлады.

Бұл күні еліміздің оңтүстігінде жауын-күн ашық болады. Кей жерде жел күшейеді, дауыл, оңтүстік-шығыста шаңды дауыл көтеріліп, бұршақ жаууы мүмкін. 

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында дауыл күтіледі, жел 15-20, кей жерде екпіні 23-28 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал. 

Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде дауыл тұруы мүмкін, кей жерде жел 15-20 м/с күшейеді. 

Түркістан, күндіз Жамбыл, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерінде жел тұрып, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. 

Алматы облысында түнде және таңертең жел 18-23 м/с күшейеді, шаңды дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін. 

Күндіз Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарында қатты ыстық күтіледі. 

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Қарағанды облыстарында, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.



03 тамыз 2019 ж. 576 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (9188)

23 наурыз 2024 ж.

№23 (9187)

19 наурыз 2024 ж.

№22 (9186)

16 наурыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031