Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

ÐлдаÒÑ ÐºÒ¯Ð½Ð´ÐµÑÑ Ð°Ñа ÑÐ°Ð¹Ñ Òандай боладÑ?
Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде найзағаймен бірге жаңбыр жауады.

Тек республиканың оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерде жел күшейеді, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, солтүстіктің кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі.

Ақмола обысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ жаууы мүмкін, түнде кей жерлерде жел, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан облысында, таңеретең және күндіз Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Қостанай облысында найзағай күтіледі, жел түнде кей жерлерінде 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз Қарағанды облысының кей жерлеріндебұршақ жаууы мүмкін. Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі, түнде кей жерлерде жел 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде 25 м/с күшейеді. Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, жел 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күшейеді, таңертең және күндіз кей жерлерде найзағай , дауыл күтіледі. Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейді. Шығыс Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі.

Күндіз Алматы, Жамбыл облыстарында, Қарағанды облысының кейжерлерінде қатты ыстық күтіледі. Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе, Алматы облыстарында, Атырау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

24.kz
29 шілде 2019 ж. 718 0