20 мамырға арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауады. Батыста, оңтүстік-батыста жауын-шашын болмайды.
Республиканың кей аймағында найзағай, тұман, жел күшейіп, дауыл болады, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстікте кей жерде шаңды дауыл болады.Алматы облысының кей жерінде найзағай болып, түнде Жалаңашкөл ауданында жел 17-22 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерінде найзағай, дауыл болып, жел жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күшейеді, Шығыс Қазақстан облысында бұршақ жаууы мүмкін, Қарағанды облысында тұман түседі.
Қызылорда облысының кей жерінде найзағай, дауыл, шаңды дауыл болады, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде найзағай, дауыл болып, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді.
Қостанай облысының кей жерінде найзағай, тұман түседі, бұршақ жаууы мүмкін, жел күндіз кей жерде 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола облысының кей жерінде найзағай, тұман түсіп, жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл, Түркістан облыстарында таңертең және күндіз кей жерінде найзағай түседі, жел 15-20 м/с күшейеді, Жамбыл облысында дауыл болып, бұршақ жаууы мүмкін.
Күндіз Павлодар облысының кей жерінде найзағай түседі, бұршақ жаууы мүмкін, жел екпіні 18 м/с жетеді.
Күндіз Ақтөбе облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде 1-3 градус үсік түседі.
Қызылорда, Түркістан облыстарының кей жерінде жоғары өрт қаупі сақталады.