Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Наурыз мейрамы Шиелі ауданында сән-салтанатымен атап өтілуде

Наурыз мейрамы Шиелі ауданында сән-салтанатымен атап өтілуде



Кеше Шиелі ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен түскі үзіліс уақытында қазақ халқының ұлттық мейрамы Әз-Наурыз мерекесі тойланды.



Мереке барысында қол күрес, арқан тартыс, ләңгі, гір тасын көтеру секілді бірнеше спорт түрлерінен ойындар ұйымдастырылып, оған аудан әкімдігі аппаратының қызметкерлері, экономика және қаржы бөлімі, аудандық мәдениет және спорт бөлімінің қызметкерлері қатысып, жүлделі орындарға таласты.



Іс-шараны ұйымдастырудағы негізгі мақсат – ұлттық мейрамымыздың мәртебесін көтеру, жастарды ұлтжандылыққа тәрбиелеу және мемлекеттік қызметшілердің оң имиджін қалыптастыру болып отыр.
​ Ал, сайыстардың қортындысына келер болсақ, арқан тарту сайысы бойынша ерлер арасында аудандық мәдениет және спорт бөлімінің жігіттері басым түссе, қыздар арасында аудан әкімі аппаратының нәзік жанды қыз-келіншектері жеңімпаз атанды. Ал, қол күресінен аудан әкімі аппаратының қызметкерлері бас жүлдені жеңіп алды.
Жеңімпаздарды аудан әкімі аппаратының басшысы Азамат Мыңбаев аудан әкімінің алғыс хаттары мен естелік сыйлықтармен марапаттады.

Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі
18 наурыз 2023 ж. 186 0