Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Түркістан облысының Сауран ауданында 120-дан астам үйді су басты

Түркістан облысының Сауран ауданында 120-дан астам үйді су басты

Түркістан облысы Сауран ауданы Бабайқорған ауылдық округінде ауа райының қолайсыздығына байланысты жауын-шашынның шамадан тыс жаууына және жауған қар, мұздықтардың еруі мен арық-атыздардан судың тасуына байланысты төтенше жағдай болды.

Түркістан облысының Сауран ауданында 120-дан астам үйді су басты

Осы оқиға бойынша төтенше жағдайлар бөлімімен 12 жергілікті қызмет өкілдері жұмылдырылып, жедел штаб құрылды. Атап айтсақ, бүгін, 2 ақпан күні таңғы 04.30-05.00 шамасында таудан келген су тасқыны Абай елді мекеніндегі 65 тұрғын үйдің ауласына кірді. Сонымен қатар осы ауылдық округіне қарасты Үлгілі елді мекеніне 14 тұрғын үй мен Бабайқорған елді мекеніндегі 42 тұрғын үйдің ауласына су кірген.

«Қазір  аудан әкімдігі тарапынан төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында тиісті жұмыстар қолға алынып, жүргізілуде. Сауран ауданы әкімдігінің барлық қызметкерлері жұмылдырылып, тиісті шаралар қабылданып жатыр. Аудандық төтенше жағдайлар бөлімі тарапынан 1 өрт сөндіру техникасы, 1 Уазик көлігі, 4 су тартатын мотопомпа, 33 жеке құрам жұмылдырылған. Бабайқорған елді мекенінде 40 тұрғын үй ауласын су алып, 80 адам эвакуацияланды, оның ішінде 57 – кәмелет жасына толмаған балалар», – деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі.

Эвакуацияланған халықты көшіруге Бабайқорған, Абай, Үлгілі мектептері дайын тұр. Эвакуацияланған халықты туысқандары алып кетіп жатыр. Аудандық полиция бөлімінен 28 қызметкер, ауылдық округтен 88 ерікті жасақшылар, ауылдық әкімдік қызметкерлерінен 8 азамат көмек қолын созуда. Аталған азаматтардың көмегімен таудан келген тасқын суға тосқауыл қою мақсатында 2 500 дана қап әкелініп, бөгеу жұмыстары жүргізілуде. Жеке кәсіпкерлерден 3 ЛК және 1 автобус көлігі жұмыс істеуде.
Үлгілі елді мекені бойынша су тасқынының алдын алу үшін 1 ЛК және жеке азаматтардан ГАЗ-53 жүк көлігі, 1 жеңіл көлігі бар. Абай елді мекені бойынша 2 ЛК және 2 Хова, аудан әкімшілігінен және жеке азаматтардан 35 адам жұмыс істеуде.
Майдантал ауылдық округі бойынша 15 жеке азамат және ауыл әкімдігі мен аудан әкімі аппаратының қызметкерлері алдын алу жұмыстарын жүргізуде. Жалпы, жұмыс істеп жатқан техникалар 1 дана ЛК көлігі және 1 дана экскаватор арық-атыздарды ашып, суды қауіпсіз аймаққа бұруда.
Шаға елді мекені бойынша 287 үй бар. Оның ішінде 30 тұрғын үйде адамдарды көшіру жұмыстары жүргізілуде. 3 ЛК техникасы және 1 экскаватор бар. Эвакуацияланған адамдарды «Вахидов» атындағы жалпы орта мектебіне көшіруге дайын тұр.
Сонымен қатар  аталған елді мекендерге тартылған техникалардың жалпы саны – 42. Атап айтсақ, аудандық төтенше жағдайлар бөлімі тарапынан 1 өрт сөндіру техникасы, 1 Уазик көлігі, 4 су тартатын мотопомпа, 33 жеке құрам, аудандық полиция бөлімінен 5 көлік, Бабайқорған әкімдігінен МТЗ-80 тракторы – 4, Элька погрузчик – 7, экскаватор – 2, тұрғындарды тасымалдау үшін 2 автобус, 2 жедел жәрдем бригадасы тиісті жұмыстарды атқаруда. Сонымен қатар  адами әлеуетті дамыту бөлімі, «Сауран-су», «Оңтүстік-Жарық Транзит» бөлімдерінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Қазір жағдай қалыпты, тұрақты бақылауда.
02 ақпан 2023 ж. 286 0