Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Дария деңгейі бақылауда

Дария деңгейі бақылауда

Аудан аумағында оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай жалпы ұзындығы 260 шақырымды құрайтын Сырдария өзені ағады. Ондағы су көлемін нақтылап, арнасынан тасып кетпеуін аудандық төтенше жағдайлар бөлімі үздіксіз бақылап отырады. Әсіресе дария жағасында орналасқан Жөлек, Ортақшыл, Қоғалы, Тартоғай, Қарғалы ауылдары су басу қаупі басым аймақтарға жатады. Сондықтан аталған елді мекендердің тұсына бақылау бекеттері қойылған. Табиғи апаттың алдын алу жайында толығырақ білу үшін аудандық төтенше жағдайлар бөліміне хабарласқан болатынбыз.
«Жаман айтпай, жақсы жоқ», егер алда-жалда аудан төңірегінде төтенше жағдай орын ала қалса, азаматтық қорғаудың 14 қызметі, 3 авариялық-құтқару құрамалары мен Шиелі трассалық медициналық-құтқару бекетін қосқанда 54 техника, 181 адам қызмет көрсетуге дайын. Одан бөлек Сырдария өзеніндегі су тасқыны қауіпі бар елді-мекендердің тұрғындарын көшіру үшін эвакуациялық 9 жинақтау, 10 қабылдау пункттері орналасқан.
Бөлім мамандары Сырдария өзенінің жағдайы бірқалыпты екенін, дәл қазір Төменарық, Қарғалы елді мекендері толығымен ашық, ал Қызылқайың, Тартоғай, Сұлутөбе ауылдарының тұсындағы дарияның шетінде мұз ұстасқанын айтады. Өзендегі су деңгейін күнделікті бақылап отыру мақсатында «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалының «Шиелі су шаруашылығы» өндірістік бөлімшесінен күнделікті ақпарат алмасып отырады.
Өткен сенбіде Қарғалы елді мекеніне баратын қалқымалы көпірдің жағадан шығып қалғаны жайлы ақпарат әлеуметтік желілерде желдей есті. Бұған байланысты бөлім мамандары:
– Қарғалы елді мекені тұсындағы қалқымалы көпірді қайта қою жұмыстары жүргізілуде. Аталған көпір Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының теңгеріміне жатады. Қалқымалы көпірді күтіп ұстау жұмыстарын «Еламан-Құрылыс» ЖШС жүргізеді. Бүгінгі күні Қарғалы ауылынан 6 адам және «Еламан-Құрылыс» ЖШС-ден 4 адам және 3 техника тиісті жұмыстарды жүргізуде, – деді.
Аудан әкімі Н.Ахатов та дарияға жақын ауылдардағы ахуалды назардан тыс қалдырмай келеді. Өз кезегінде аудан аумағынан мол суды қауіпсіз өткізу бағытындағы жұмыстармен танысып, ауыл әкімдері мен сала басшыларына кезекшілік ұйымдастыруды тапсырды. Бүгінде Сырдария өзініне келіп жатқан су мал жайылымдарына, шабындықтар мен табаны құрғап кеткен көлдергі жіберілуде.
Сонымен қатар Жөлек ауылдық округіне қарасты Жуантөбе елді мекеніне баратын автомобиль жолын су шайып кетпеу мақсатында қаппен және топырақпен бөгеу жұмыстары жүргізілді. Оған 25 ауыл азаматы мен екі техника жұмылдырылды.
Төтеншеліктердің кәсіби біліктілігін шыңдап, тұрғындарға дер кезінде көмек қолын созып, қызметтерін мүлтіксіз атқару мақсатында «Көктем – 2022», «Қыс-2022» секілді республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары жиі ұйымдастырылады.
Аптап ыстықта өртпен, қыс-көктемде су деңгейін қалыпты ұстаумен арпалысатын төтенше жағдайлар бөлімінде тек кәсіби мамандар ғана жұмыс ісейтіні анық. Өйткені тілсіз жаумен күрес кім көрінгеннің қолынан келмейтіні белгілі.

Гүлхан ЯХИЯ
10 қаңтар 2023 ж. 334 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930