КӨКТЕМГІ СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
Бүгін аудан әкімі Қ.Мүбараков көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында Сырдария өзенінің бойындағы қауіпті учаскелерді аралады.Айта кету керек, Сырдария өзені бойында жалпы ұзындығы 71,6 шақырым қорғаныс бөгеттері бар, оның ішінде: 63,3 шақырымы оң жағалауда, 8,3 шақырымы сол жағалауда. Аудан бойынша Сырдария өзені бойындағы 5 қауіпті учаскесі бар. Олар: Шиелі каналының бас сағасы, «Ақ қала», «Ақтам-Мешеуіл», «Жөлек», «Жеңішкекөл» қорғаныс бөгеттері. Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі








