ЕЛ ДАМУЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕРДІҢ РӨЛІ
«AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен Қызылорда қаласында «Ел дамуындағы әйелдердің рөлі» атты форум өтті.
Форумда барлық аудандары мен ауылдарынан саясатта, кәсіпкерлікте, білім мен денсаулық сақтау саласында, қоғамда өзіндік орны бар қайраткер, көшбасшы және беделді замандастарымыз бас қосып, аймақтағы әйелдердің белсенділігін арттыру, отбасының берекесін, ауыл аймақтың өркендеп, дамуына үлес қосу мәселелерін талқылады.
Шарада Шиелі ауданынан кәсіпкер Ләззат Мелденқызы және «Тұлпар» шаруа қожалығының иесі Гүлмира Жәлелкызы қатысып, сөз сөйледі.
«Әйелдердің кәсіпкерліктегі мәселелері, әйелдер ауруларының алдын алу жолдары, қаржылық сауаттылық және әйелдер көшбасшылығы мен басқа да мәселелер форум спикерлерімен көтерілді.
«Форум жұмысына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мақпал Тәжмағамбетова және модератор ретінде тележүргізуші, «ORDA FM» радиосының директоры Мейрамгүл Ералықызы қатысты.
Өздеріңіз білетіндей «AMANAT» партиясы – Мемлекет басшысы реформаларының қоғамдық тірегі ретінде мемлекеттік отбасылық саясат мақсаттарын, яғни - отбасыларды қолдау, нығайту және қорғау, отбасылар мен олардың мүшелерінің физикалық, зияткерлік, рухани, адамгершілік дамуына ықпал ететін қажетті жағдайлар жасау, ананы, әкені және баланы қорғау жұмыстарын іс жүзінде жүзеге асыруға атсалысуда. Бүгінгі форум соның айқын көрінісі.
Форум қатысушылардың ұсыныс-тілектері және шешуді қажет ететін мәселелерді белгілеумен қорытындыланды.